Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті басшысының өкімімен Талғат Сәбиев облыстық экология департаментінің басшысы болып тағайындалды. Талғат Мәлікұлы 1978 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.
2002 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін “Заңгер”, 2016 жылы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін “Экология” мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы “Чернышевский” серіктестігінде заңгер-кеңесші болып бастайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жалпы еңбек өтілі 12 жылдан асады. 2020 жылдан осы тағайындауға дейін Қостанай облысы бойынша экология департаментін басқарды.
Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі.