«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздік жедел уәкіл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция де­партаментінде “Үздік же­дел уәкіл” жыл сайынғы байқауы­ның қорытындысы шығарыл­ды. Үздік атану үшін полиция департа­ментінің құрамында­ғы жедел бөліністердің 16 қыз­меткері бақ сынады.

Үміткерлер дене шынық­тыру дайындықтарын, та­бельдік қа­руды қолдана білу шебер­ліктерін көрсетті, заңнама бойынша тестілеуден өтті. Сон­дай-ақ қызметтегі қол жет­кізген көрсеткіштері де есеп­ке алынды.

Нәтижесінде полиция майоры Миржан Махмет үз­дік атанды. Миржан тәртіп сақ­шысы ретінде 2012 жылдан бері қызмет ат­қарып келеді, Жамбыл ауда­нында басшылық қызметте болған. 2023 жылдан бастап криминалдық полиция бас­қармасының “К” тобында аға жедел уәкіл лауазымында. Бұл бөлініс киберқылмыс­тарды, оның ішінде интернет-алаяқтықты ашу­мен айналысады.

Миржан жыл басынан бері алпыстан астам кибер­қылмыстың ашылуына қа­тысқан. Олардың арасында өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған және адам­дардың сеніміне кіріп, несие ресімдеген 28 жастағы петро­павлдықты ұстау фактісі бар, қылмыстық істе 16 эпизод болған. Миржан енді Ішкі іс­тер министрлігінде өтетін рес­публикалық байқауда өңір намысын қорғайды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp