Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған би кеші өтті. Жастар ресурстық орталығы, қалалық Мәдениет үйі өкілдері би кешін өткен ғасырдың 90-жылдарындағы стильде ұйымдастырды. Жеңіс саябағында өткен би кешіне түрлі жастағы қала тұрғындары қатысты. 1990-2000 жылдардағы тамаша әндерді тыңдап, көтеріңкі көңіл күйге бөленген петропавлдықтардың қуанышында шек болмады. Қалалық Мәдениет үйінің әртістері де өз өнерлерін ортаға салып, кеш көрігін қыздыра түсті.
Кеш қонақтары күнделікті күйбең тіршілікті бір сәтке болса да ұмыттыруға мүмкіндік туғызған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.