«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балаға саңырауқұлақ бермеңіз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл өңірде саңырауқұлақ мол. “Ты­ныш аңшылыққа” теңеле­тін саңырауқұлақ жинаумен әуес­тенетіндер көп. Алайда бұл өнімді асқа пайдаланатындар ара­сында улану қаупі жоғары.

Жыл басынан бері өңірде 7 адамның саңырауқұлақтан улану фактісі тіркелді. Көпшілік улы өсімдіктерді ажырата алмай­ды. Жазғы демалыс лагеріне барған балалар, белгі­сіз өсімдіктерді асқа пайдалан­ған туристер зардап шеккен жағдайлар бар. Бес жасқа дейінгі балалар табиғат ая­сына шыққанда, үй маңында ересектердің қа­рауынсыз ойнап жүріп, көрген саңырау­құлаққа қызығып, жеп қоюы мүмкін. Жал­пы балаларға саңырау­құлақты мүлде бе­руге болмайды, өйткені олардың асқа­заны мұндай ауыр тамақты қорытуға бе­йім­делмеген. Шыбынжұт, сасық саңы­рау­құлақ, жалған қозықұйрық­тан улану­дың салдары ауыр. Сасық саңырауқұлақтың біреуін жегеннен адам өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ жеуге жарам­ды, бірақ ұзақ сақ­талған өнімді тамаққа қолданудан да ула­нуға болады. Өйткені консервіленген са­ңырау­құ­лақты 6-8 ай ғана сақтаған жөн.

Саңырауқұлақтан уланудың негізгі се­бебі – жеуге жарамды және улы са­ңырау­құлақтарды тани алмау, оларды дайын­дау технологиясын, сақтау шарт­тарын жә­не пісіру ережелерін бұзу. Жеуге жарамды саңырауқұлақты орманнан әкелгеннен ке­йін 4 сағат ішінде өңдеу керек, өйткені со­дан кейін ол улы зат бөле бастайды. Та­мақ­қа тұтынар ал­дында міндетті түрде қай­нату қажет.

Саңырауқұлақты жолдардың бойын­да, қоқыс орындарының маңынан жинау­ға болмайды, өйткені оның өз бойына жинап алатын абсорбция қасиеті бар. Жалпы са­ңы­рауқұлақтардың ішіндегі ең қауіпсізі – “түлкішек” деп аталатын сары түсті са­ңы­рауқұлақ.

Адам саңырауқұлақтан уланған жағ­дай­да 15-20 минуттан кейін белгілері пай­да болады. Алдымен адам тынышсыз­да­нып, көз ал­дындағы заттар қосарланып кө­рі­неді. Қа­рашығы үлкейеді. Терісі құрғап, қы­за­ра­ды. Тыныс алуы бұзылып, демалу қиын­дай­­ды, құса­ды. Уланудың алғашқы бел­гіле­рі пайда бол­ған жағдайда “Жедел жәрдем” қыз­метін шақыру керек. Бала уланған жағ­дай­да оның нені жеп қойғанын білу маңызды.

Саңырауқұлақтан улану басқа тағам­дық улануларға қарағанда әлдеқайда ауыр, сондықтан мұндай жағдайда өзін-өзі емдеу қауіпті.

Улы саңырауқұлақтар көбіне жеуге жа­рамды саңырауқұлақтардың жанында өседі және оларға өте ұқсас болуы мүмкін. Саңырауқұлақтарды бір күннен артық, ал тұздалған және маринадталған түрін бір жылдан артық сақтауға болмайды.

Татьяна ГОРЛОВА,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp