«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АҚЫЛДЫ” КАМЕРАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде 11 қыркүйектен бастап жол жүрісі қағида­ларын бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейтін құрылғылар іске қосылды.

Бүгінге дейін облыста 2022 жылы орнатылған 30 құрылғы жұмыс істеді. Олар орнатылған учаскелерде адамдар зардап шеккен бірде-бір жол-көлік оқи­ғасы тіркелмеді.

Жол апаттарын азайту – полицияның маңызды міндетте­рінің бірі. Аппараттық-бағдарламалық кешендердің тиімді­лігіне байланысты және аза­маттардың өтініштерін ескере отырып, облыстық полиция департаменті тағы 24 құрылғы са­тып алды. Олар өңірдің көлік қозғалысы көп учаскелеріне орнатылды. Тағы екі кешен темір жол өткеліндегі, үш кешен жаяу жүргіншілер өткеліндегі заң бұ­зушылықтарды тіркейді, ал төрт кешен патрульдік автокөліктерге қойылған.

Бұдан бөлек, қала сыртын­дағы жолдардың қауіпті учаскелерінде “Кордон.Про”М аппараттық-бағдарламалық кешен­дері жұмыс істей бастады. Бұл құрылғылар жылдамдықты асы­ру, қауіпсіздік белдігін тақпау, кө­лік басқару кезінде телефон пай­далану фактілерін тіркейді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp