Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциясында “Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі” тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңір бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Диана Салғарина жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрысы мен мінез-құлқының маңыздылығын атап өтіп, әдептіліктің негізгі қағидаттары туралы хабардар етті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін белгіленген әдеп нормаларын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соқтыратыны түсіндірілді.
“Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша тәртіптік істерді қарайды. Орын алған олқылық жұмыс уақытында спирттік ішімдіктерді қолдануда және көлік құралын мас күйінде басқаруда көрініс тапса, тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару түрінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылады”, – деді спикер өз сөзінде.
Жиында Әдеп кодексі талаптарын сақтаудың және мемлекеттік қызмет органдарында кәсіби мінез құлық мәдениетін нығайтудың ерекше маңыздылығы атап өтілді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltüstık Qazaqstan”.