«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әдептілік әдетке айналуы керек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инс­пекциясында “Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттік қызметші­лерінің Әдеп кодексі” тақыры­бында семинар өтті.

Семинар барысында Мемле­кеттік қызмет істері агенттігінің өңір бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Диана Салғарина жұмыс­тан тыс уақытта мемлекеттік қыз­метшілердің жүріс-тұрысы мен мінез-құлқының маңыздылы­ғын атап өтіп, әдептіліктің негізгі қағи­даттары туралы хабардар етті. Қа­зақстан Республикасының мем­лекеттік қызметшілері үшін белгіленген әдеп нормаларын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік қыз­метшілердің қызметтік әдеп стан­дарт­тарын бұзуы тәртіптік жауап­тылыққа әкеп соқтыратыны тү­сіндірілді.

“Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша тәртіптік істерді қарай­ды. Орын алған олқылық жұмыс уақытында спирттік ішімдіктерді қолдануда және көлік құралын мас күйінде басқаруда көрініс тап­са, тәртіптік істі қарау қорытын­дысы бойынша атқаратын мем­лекеттік лауазымынан шығару тү­рінде тәртіптік жаза қолдану ұсы­нылады”, – деді спикер өз сөзінде.

Жиында Әдеп кодексі талапта­рын сақтаудың және мемле­кеттік қызмет органдарында кә­сіби мінез құлық мәдениетін ны­ғайтудың ерекше маңыздылығы атап өтілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp