«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.09.2024

Жоғары білім берудің жаңа деңгейі

Аризона университеті өкілдерімен кездесу барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов делегация мүшелеріне студенттерге сапалы білім беру мәселесі және қос дипломды бағдарламаның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту және білім беру сапасын жоғарылату жайлы да сөз қозғалды. – Біз төрт жыл бойы сіздер­мен тығыз жұмыс істеп, үлкен мақсатты жүзеге асырудамыз. Халықаралық стандарттағы са­палы білім …

Жоғары білім берудің жаңа деңгейі Read More »

ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Облысымызға жұмыс сапарымен Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков келді. Елордалық мейман полицияның бірқатар бөліністерінің қызмет атқару жағдайын және техникалық жарақтандырылуын тексерді. Азаматтардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау жөніндегі міндеттерді орындау үшін материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттігін атап өтті. Ішкі істер министрінің орынба­сары жедел басқару орталығында цифрландыру деңгейі­мен, бейнебақылау жүйелері­нің жұмысымен танысты. По­ли­цейлер облыс орталығын­да­ғы тәртіпті 228 …

ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ Read More »

Департаментте — жаңа бастық

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мұ­рат Нәкенов облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департа­ментінің бастығы болып тағайындалды. Ведомство ұжымына жа­ңа басшыны Қылмыстық ат­қару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Абай Қайырбеков таныстырды. Мұрат Нәкенов 1974 жылы бұрынғы Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысы Қызылту ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, ал 2003 жылы Қазақстан Республикасы Іш­кі істер …

Департаментте — жаңа бастық Read More »

Саннан сапа маңызды

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген көлік министрі Марат Қарабаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысқан жиында жол саласын дамыту мәселелері талқыланды. Басқосуда  Жолдауда көлік-логистика секторына страте­гиялық мәні айрықша басым­дық ретінде назар аударыл­ға­ны, бүгінде автокөлік жолдары­ның жай-күйі өзекті күйінде қа­лып отырғаны, республика­да­ғы 2,5 мың шақырымға созы­ла­тын облысаралық және аудан­аралық жолдарды орта деңгей­де жөндеуге арналған жоба жү­зеге …

Саннан сапа маңызды Read More »

Алаштың асыл азаматы

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ға­лым, ақын, публицист, аудармашы Сұлтанбек Қожанов­тың туғанына 130 жыл толуына орай “Алаштың асыл азаматы” атты танымдық шара өтті. Кітапхана қызметкері Майра Әшімова оқырмандар­ға Сұлтанбек Қожа­новтың өмірі мен қоғам­дық-саяси қызметі, шы­ғар­машылығы туралы жан-жақты баяндады. Артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған азаматтың қайраткерлік тұлға­сына кеңінен тоқталды. – …

Алаштың асыл азаматы Read More »

Он жылға сотталды

Сәуірдің басында 22 жаста­ғы петропавлдық жеңіл ақша табу үшін есірткі сатумен ай­на­лысатын интернет-дүкенде жұ­мыс істей бастаған. Бір айға же­тер-жетпес уақытта оның бұл “жұ­мысы” 40 мың теңге табыс әке­ліпті. Алайда көп ұзамай по­лиция қызметкерлері жас жігітті осындай кезекті әрекетін іске асы­рып жатқанда қолға түсірді. Тінту кезінде одан синте­тикалық есірткі салынған түйін­шектер табылды. Кейін жауап алу нәтижесінде …

Он жылға сотталды Read More »

Танымдық ойын

Облыс орталығында колледж студенттері арасында “Энергия билеушісі” атты викториналық сайыс өтті.  Ойын барысында жастар атом электр стансасы туралы бі­лімдерін пысықтап, энергия кө­зінің пайдасы туралы мол мағлұ­мат алды. Студенттердің қызы­ғушылығын тудырған шара ашық аспан астында ұйымдас­тырылды. Шараны өткізген қо­ғамдық даму және ақпарат ор­талығының маманы Оксана Гончаренконың айтуынша, атом электр стансасының маңызы ту­ралы жастарға пайдалы ақпа­рат беріп, …

Танымдық ойын Read More »

Өз-өзіне қол салған

Көпбалалы келіншек өзін абай­сызда жарақаттап алып, қа­лалық ауруханаға жеткізілді.  Жансақтау бөліміне түскен әйел­ге дәрігерлер шұғыл түрде ота жа­­сап, оны ажал тырнағынан арашалап алды. Оқыс оқиға көпқабатты үй­лер­дің бірінде орын алған. Көр­ші­лерінің айтуларына қараған­да, келіншек азаматтық некедегі күйе­уімен тұрған. Бірақ үнемі жанжалдасып, маңайындағылар­­ға тыныштық бермейтін көрі­неді. Кезекті айғай-шудың ақыры қайғылы аяқтала жаздады. 8 қыркүйек күні “102” …

Өз-өзіне қол салған Read More »

Ақша бопсалаған

Өңір полицейлері 19 жаста­ғы жігітті қорқытып, одан ақша бопсалаған қылмыстық топты құрықтады. Оқиға 20 тамызға қараған түні облыс орталығында орын ал­ған. Қылмыстық топ 19 жаста­ғы жігітті қорқытып, мобильді қо­сымша арқылы 30 мың теңге не­сие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Кейін қаржыны өз­де­рі тартып алған. Облыстық прокуратураның жіті қадағалауымен өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары ба­рысында полицейлер аталған іске қатысы бар деген …

Ақша бопсалаған Read More »