Көпбалалы келіншек өзін абайсызда жарақаттап алып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Жансақтау бөліміне түскен әйелге дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, оны ажал тырнағынан арашалап алды.
Оқыс оқиға көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Көршілерінің айтуларына қарағанда, келіншек азаматтық некедегі күйеуімен тұрған. Бірақ үнемі жанжалдасып, маңайындағыларға тыныштық бермейтін көрінеді. Кезекті айғай-шудың ақыры қайғылы аяқтала жаздады.
8 қыркүйек күні “102” арнасына 35 жастағы қала тұрғынының өз-өзіне жарақат салғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Бүгінде аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 114-бабы (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Зардап шегуші жансақтау бөлімінен шығарылып, жалпы палатаға ауыстырылды. Жағдайы бірқалыпты.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.