«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаштың асыл азаматы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ға­лым, ақын, публицист, аудармашы Сұлтанбек Қожанов­тың туғанына 130 жыл толуына орай “Алаштың асыл азаматы” атты танымдық шара өтті.

Кітапхана қызметкері Майра Әшімова оқырмандар­ға Сұлтанбек Қожа­новтың өмірі мен қоғам­дық-саяси қызметі, шы­ғар­машылығы туралы жан-жақты баяндады. Артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған азаматтың қайраткерлік тұлға­сына кеңінен тоқталды.

– Алаш ардақтысы 1922 жылы Түркістан республикасы­ның Жер шаруашылығы халық комиссары болып тағайындал­ған. Осы қызметте жүріп ол ауыл ахуалына ерекше көңіл бөліп, өл­кедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды. Сұлтанбек Қожанов не­гізгі міндеттерін қоғамдық, ғы­лы­ми-шығармашылық жұмыстармен ұштастырып отырды. Мектепке арналған “Есептану құра­лы” атты оқулығы, “Түркістан­ның Кеңестік Автономиясының он жылдығына” атты орыс тілін­дегі зерттеуі жеке кітап болып шыққан, – деді кітапханашы. 

Кітапхана оқырмандарын “Есептану құралы” атты оқулық­тың қалай жазылғандығы қызық­тырды. Автор бұл туындысында арифметиканың қыр-сырын жан-жақты аша түскен.

Сұлтанбек Қожановтың ұлт­қа сіңірген еңбегі орасан.  Асыл тұлға Өзбек республикасында Қазақ автономиялық ау­данын, Тәжік автономиялық об­лы­сын құру, қазақтар көп тұратын Қара­қалпақ автоно­мия­лық облысын ұйымдастырып, оны Қазақ еліне қосу шараларын жүргізудің бел ортасында жүрді. Ол шын мәнін­де қазақ жері-суы мен халқын бір шаңырақ астына жинаушы болды. Іргесі кеңейген үлкен Қазақ­станды “Ұлттық Рес­публика” деп атағысы келді.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp