Өңір полицейлері 19 жастағы жігітті қорқытып, одан ақша бопсалаған қылмыстық топты құрықтады.
Оқиға 20 тамызға қараған түні облыс орталығында орын алған. Қылмыстық топ 19 жастағы жігітті қорқытып, мобильді қосымша арқылы 30 мың теңге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Кейін қаржыны өздері тартып алған.
Облыстық прокуратураның жіті қадағалауымен өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер аталған іске қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 20 және 22 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.
“Қазіргі уақытта күдіктілер күзетпен қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігіне сәйкес адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған құқық бұзушылық үшін олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.