«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Департаментте — жаңа бастық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мұ­рат Нәкенов облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департа­ментінің бастығы болып тағайындалды. Ведомство ұжымына жа­ңа басшыны Қылмыстық ат­қару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Абай Қайырбеков таныстырды.

Мұрат Нәкенов 1974 жылы бұрынғы Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысы Қызылту ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, ал 2003 жылы Қазақстан Республикасы Іш­кі істер министрлігі академия­сының заң институтын бітірген. “Эко­номист-өндірісті ұйымдасты­ру­шы” және “заңгер” мамандық­тары бойынша екі жоғары білімі бар.

Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқар­масы бөлім бастығының кезекші көмекшісі қызметінен бастады. Сондай-ақ әр жылдары күзет бө­лімі бастығының кезекші көмекшісі, колония бастығының жалпы мәселелер, тәрбие жұмысы, режім және күзет жөніндегі орынба­сары, облыс бойынша қылмыс­тық-атқару жүйесі департаменті ме­кемелерінің бастығы, депар­та­мент бастығының орынбасары қыз­меттерін  атқарды.

Осы тағайындауға дейін Қы­зылорда облысы бойынша қыл­мыстық-атқару жүйесі департа­мен­ті бастығының орынбасары бол­ды. 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің  баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp