«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Он жылға сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуірдің басында 22 жаста­ғы петропавлдық жеңіл ақша табу үшін есірткі сатумен ай­на­лысатын интернет-дүкенде жұ­мыс істей бастаған. Бір айға же­тер-жетпес уақытта оның бұл “жұ­мысы” 40 мың теңге табыс әке­ліпті. Алайда көп ұзамай по­лиция қызметкерлері жас жігітті осындай кезекті әрекетін іске асы­рып жатқанда қолға түсірді.

Тінту кезінде одан синте­тикалық есірткі салынған түйін­шектер табылды. Кейін жауап алу нәтижесінде қаланың шет­кері аудандарында және сая­жай қоғамдастықтарының бі­рін­де есірткі жасырған орындар анықталды. Жалпы салмағы 14,92 грамм “α-PvP” есірткісі және 22,15 грамм ме­фед­рон тәркіленген.

– Сот жігітті кінәлі деп тауып, он жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан бері облыста есірт­кі өткізгені үшін 25 жасқа дейінгі 25 адам сотталды. Олар­дың қылмыстық әрекеті орташа есеппен алғанда үш айдан ас­пайды, – дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бас­қармасының бастығы Руслан Сапаров.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті  ақпараттық саясат  бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp