«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызға жұмыс сапарымен Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков келді. Елордалық мейман полицияның бірқатар бөліністерінің қызмет атқару жағдайын және техникалық жарақтандырылуын тексерді. Азаматтардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау жөніндегі міндеттерді орындау үшін материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттігін атап өтті.

Ішкі істер министрінің орынба­сары жедел басқару орталығында цифрландыру деңгейі­мен, бейнебақылау жүйелері­нің жұмысымен танысты. По­ли­цейлер облыс орталығын­да­ғы тәртіпті 228 айналмалы жә­не 192 стационарлық бей­не­ка­мераның көмегімен бақы­лай­ды. Бұдан бөлек, полиция­ның бейнебақылау жүйесіне 249 мек­теп пен 54 балабақша, не­гізінен тұрғын үйлердің аула­ла­рында орнатылған 626 бей­не­бақылау камерасы қосыл­ған.

Министрдің орынбасары жұ­мыс сапары барысында Жам­был аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары бол­ған Ерік Оспановтың жесірі Аягөз Оспановамен кездесті. 2006 жылы жолдың қарсы бетіне шыққан мас жүргізу­шінің ав­токөлігіне соғылып, апат сал­дарынан полиция қыз­меткері қаза тапқан болатын. Аягөз Сұңғатолла­қызының же­ке баспанасы жоқ, Петропавл қалалық полиция басқар­ма­сын­да тергеуші бо­лып қызмет атқарып жүрген ұлы Жасұлан­мен бірге ведом­стволық жа­тақханада тұрады екен.

Айдар Сайтбеков қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция офицерінің зайыбына бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Ол Жасұлан­ның әкесінің ісін лайықты жал­ғастырушы болатынына және қызметте жоғары жетістік­терге жететініне сенім біл­дірді.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp