Облыс орталығында колледж студенттері арасында “Энергия билеушісі” атты викториналық сайыс өтті.
Ойын барысында жастар атом электр стансасы туралы білімдерін пысықтап, энергия көзінің пайдасы туралы мол мағлұмат алды. Студенттердің қызығушылығын тудырған шара ашық аспан астында ұйымдастырылды. Шараны өткізген қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Оксана Гончаренконың айтуынша, атом электр стансасының маңызы туралы жастарға пайдалы ақпарат беріп, білімдерін саралау басты мақсат болған. Оларға атом энергиясының тарихына қатысты сауалдар қойылды.
Қатысушылардың бірі Артем Бежик викториналық ойын ерекше ұнағанын, АЭС туралы білім көкжиегін кеңейткенін айтты. Сондай-ақ ол алдағы референдумның маңызына баса мән берілгенін жеткізді. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар осындай ойындарды үлкен аудиторияның қатысуымен өткізуді жоспарлауда.
Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.