«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өз-өзіне қол салған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көпбалалы келіншек өзін абай­сызда жарақаттап алып, қа­лалық ауруханаға жеткізілді.  Жансақтау бөліміне түскен әйел­ге дәрігерлер шұғыл түрде ота жа­­сап, оны ажал тырнағынан арашалап алды.

Оқыс оқиға көпқабатты үй­лер­дің бірінде орын алған. Көр­ші­лерінің айтуларына қараған­да, келіншек азаматтық некедегі күйе­уімен тұрған. Бірақ үнемі жанжалдасып, маңайындағылар­­ға тыныштық бермейтін көрі­неді. Кезекті айғай-шудың ақыры қайғылы аяқтала жаздады.

8 қыркүйек күні “102” арна­сы­на 35 жастағы қала тұрғынының өз-өзіне жарақат салғаны тура­лы телефон хабарламасы келіп түскен. Бүгінде аталған факті не­гізінде Қылмыстық кодекстің 114-бабы (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша қыл­мыстық іс қозғалып, тергеу амал­дары жүргізілуде.

Зардап шегуші жансақтау бө­лімінен шығарылып, жалпы па­латаға ауыстырылды.  Жағдайы бірқалыпты.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp