Жылу беріле бастады
Облыс орталығында жылыту маусымы басталды. Бүгінге дейін 118 нысан жылу жүйесіне қосылған. Олардың қатарында аурухана, балабақша, мектеп сияқты әлеуметтік мекемелер мен ұйымдар бар. “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамы баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша барлығы 4412 нысан жылу жүйесімен қамтылуы тиіс. Әдеттегідей жылу беру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жылумен бірінші кезекте әлеуметтік нысандар толық қамтамасыз етіледі, сосын көпқабатты баспаналарға беріледі. …