«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.09.2024

Ақ пен қараның тартысы

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды драма театрының қоржыны тағы бір қойылыммен толықты. Көрермен назарына ұсынылған “Қол” атты қойылымға адамзатты алаңдатқан жемқорлық мәселесі арқау болған. Пьесаның авторы – жазушы Сая Қасымбек. Спектакльдің тұсаукесеріне жиналған халықтың қарасы қа­лың болды. Олар ең алдымен өнер ордасының фойесіндегі фо­токөрмені тамашалады. Бөтеннің мүлкін иемденуді, өз пайдасын ғана ойлауды әдет­теріне айналдырған жандардың …

Ақ пен қараның тартысы Read More »

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ҚАЛАМГЕР

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында белгілі журналист, жазушы Бақыт Мұстафинды еске алу кеші өтті. Жиынға жазушының зайыбы, әріптестері мен мектеп оқушылары қатысты. Артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған қаламгер саналы ғұ­мырын журналистика саласына арнады. Облыстық “Soltüstık Qa­zaqstan” (бұрынғы “Ленин туы”) газетінде 45 жыл табан аудар­май жұмыс істеген журналисттің басылымның дамуы мен гүлде­нуіне қосқан …

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ҚАЛАМГЕР Read More »

Есірткі жарнамасымен күрес

Облыстық полиция департа­менті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қыз­мет­керлері еріктілермен бірге есірткі сататын интернет-дүкен­дердің мекенжайлары жазылған қабырғаларды бояу бойынша кезекті акция өткізді. Акция Пет­ропавл қаласының шеткі аудан­дарының бірінде өткізіліп, елу­ден астам жазба боялды. Акция барысында жергілікті кәсіпкер полицейлерге жүгініп, оның дүкенінің сыртында тұрған бейнекамера есірткі граффитиін салу процесін түсіріп алғанды­ғын айтқан. Осы жазбаның арқа­сында Жамбыл …

Есірткі жарнамасымен күрес Read More »

Абайсызда ажал құшты

Аққайың ауданының 56 жас­тағы тұрғыны өз үйінің аула­сында “POLARIS” маркалы квадроциклмен, аударылып қалды. Салда­рынан жанында отырған 4 жасар бала ауыр жа­рақат алды. Сәби бірден ор­талық аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер ба­ланың өміріне араша түсе ал­ма­ды. Квадроциклдің жүргі­зушісі ауруханада жатыр. “Қылмыстық кодекстің “Абай­­сызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын бас­қаратын адамдардың жол жү­рісі немесе көлiк құралдарын пайдалану …

Абайсызда ажал құшты Read More »

БАЛ ЖЕГЕН БАЛА БІЛІМДІ БОЛАДЫ

Өңір тұрғыны Мейрамжан Кәшкеұлының негізгі маманды­ғы – дәрігер, омарташылыққа зей­нет демалысына шыққалы мық­тап ден қойған. Ол қазіргі уа­қытта қазақ арасында кенже қал­ған бұл кәсіптің қыр-сырымен бө­лісіп, шәкірт тәрбиелеп жүр. Мейрамжан Кәшкеұлымен телефон арқылы тілдесіп, кейін Қы­зылжар ауданы Бәйтерек ауы­лының маңында орналасқан омар­тасында кездестік. Ауыл тұр­ғыны күздің жылы күндерін пайдаланып, араларының ба­бын жасап жүр екен. Көзімізге …

БАЛ ЖЕГЕН БАЛА БІЛІМДІ БОЛАДЫ Read More »

Жоба жеңімпаздары

Петропавлда “Бір ауыл – бір өнім” бағдарламасының өңірлік бренд-комитетінің отырысы өтті. Нәтижесін­де төрт кәсіпкер жеңімпаз деп танылды. Енді олар түрлі қолдауға ие болмақ. Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліме­тінше, биыл “Бір ауыл – бір өнім” бағдарламасына қатысуға өңір­ден 24 өтініш түскен. “Қатысуға өтініш берген кәсіпкерлер өз өнімдерін 29 тамызда Петропавлда өткен көрме-жәрмеңкеде көпшілік назарына ұсын­ды. …

Жоба жеңімпаздары Read More »

Қуаныштың көз жасы

Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыт­па­ған халқымыз үшін жақсылық жасау – игі іс. Жығылғанға сүйеу, жылағанға тіреу болу – кез келген адамның қолынан келе бермейтін ізгі қасиет. Тағдырдың жазуымен сырқаттанып, қам­көңіл күйде өмір сүріп жатқан ерлі-зайыпты Қанат Хамзин мен Жаңыл Әленова жүректері мейірімге толы жомарт жандардың қолдауының арқасында жа­қында баспаналы болды. Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылында тұрып …

Қуаныштың көз жасы Read More »

БАПКЕР АУЫСТЫ, ҚҰРАМ ЖАҢАРДЫ

Хоккейден жоғары лига командалары жаңа маусымды бастады. Ел бірінші­лігінің алғашқы екі матчын “Құлагер” клубы өз мұз айдынында алматылық командаға қарсы өткізді. Бірінші ойында жерлестеріміз булиттер сериясында есе жіберсе, қарымта кездесуде қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Чем­пионат енді басталғандықтан, солтүстікқазақстандық хоккейшілердің қарым-қабілетін толықтай бағамдап, баға беруге әлі ерте. Дегенмен, клуб бас­шылығы биыл жүлделі орындардан дәмелі екенін жасырмайды. …

БАПКЕР АУЫСТЫ, ҚҰРАМ ЖАҢАРДЫ Read More »

Қиналғанның қасындамыз

Еріктілер жұмысында ше­кара жоқ. Қараусыз жануар­ларға қамқорлық көрсету­ден бастап, тұрмысы тө­мен­дерге жылу жинау, ха­лық­ты ақпараттандыру сынды тағы да басқа жұ­мыс­тың бәрі еріктілерге жүк­телген. Тіпті тасқын кезінде алдыңғы шептен белсенді жастар табылды. Қы­зыл су Қызылжар жұртын әбігерге салғанда қыз жігіт­тер қарап қалмай қиналған елдің қасында болды. Қа­жетті көмек ұйымдасты­рып, алдын алу шараларына қатысты. Ешқандай есепсіз апатқа …

Қиналғанның қасындамыз Read More »

“ТІЛ ІШІНДЕГІ ТІЛ” немесе ЖАСТАРДЫҢ ТІЛІ НЕГЕ ШҰБАРЛАНУДА?

Спорттық шаралардың белсенді жан­күйері болмаса да көп адамның осы жазда Францияда өткен Олимпиада ойындары­н­а елеңдегені анық. Бәрінен бұрын Олим­пиаданың дауға толы ашылу салтанаты көптің есінде қалды. Ескі мен сонылық­тың, дәстүр мен жаңашылдықтың нағыз тартысын осы қойылымдардан көрдік. Сұ­лулықты сүйетін француздардың өзі жүз­деген жылдар бойы қалыптасқан ұлттық бірегейлігіне жаңаша қарап, өнер мен мәдениеттің заманауи көшіне ілескенінің …

“ТІЛ ІШІНДЕГІ ТІЛ” немесе ЖАСТАРДЫҢ ТІЛІ НЕГЕ ШҰБАРЛАНУДА? Read More »

Моруа хатының мәні

Батыстың белгілі жазушысы Андре Моруа сексен жасқа тол­ған шағында өмірде көрген-біл­генін ақ қағазға түсіріп, кейінгі буынға аманаттауды шешіпті. Бұл бүгінде дүкен сөрелерін тол­тырып тұрған кезекті мотива­ция­лық кітап емес. Классикалық әдебиет өкілінің оқырманға ама­наты іспетті. Ол өзінің бар өмір­лік тәжірибесін, ойға түйгенін, иланған ұстанымдарын бір хат­қа сыйдырып, оны “Өмір сүру ілі­мі туралы жас жігітке хат” деп …

Моруа хатының мәні Read More »

БІР КҮНДЕ ЕКІ АДАМ АЛДАНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында “Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауға тиіс”,– деп атап көрсетті. Бұл биік мінберден айтылған жалпыұлтық ауқымдағы, …

БІР КҮНДЕ ЕКІ АДАМ АЛДАНАДЫ Read More »

Табысты курстар

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орта­лығы” акционерлік қоға­мы облыстық филиалы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында мем­лекеттік тапсырыс аясында біліктілікті арт­тыру курстарын сәтті өткізді. Курстарға облы­сы­мыздың 1489 педагогы қатысты. Біліктілікті арттыру курстарына 60 топ іріктеліп алынды. Со­ның ішінде 4 топтың курсы көшпелі бағытта Есіл, Тайынша және Мам­лют аудандарында ұйым­­дастырылды. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру саласында 6 білім беру …

Табысты курстар Read More »

Кемел ойлы кемеңгер

Біз – жақсыға жақын жүретін, олардың тәлімді тәрбиесін көріп, үлгі тұтып өсетін халықтың ұрпағымыз. Даналарымыздың “кісі болар кісінің, кісіменен ісі бар” деген сөзі текке айтылмаған болар. Жақсы адамдарға жанаса жүріп өне бойына азаматтықтың, қайраткерліктің өшпес өнегелерін сіңірген жандардың бірі Аманжол Қошанов болатын. Аманжол аға – қазақ ғана емес әлемдік ғылымдағы жар­қын, биік тұлғалардың бірі. Оның …

Кемел ойлы кемеңгер Read More »

АЭС – энергия қауіпсіздігі

Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі төңірегінде ұйымдастырылып жатқан талқылаулар толыққанды мағлұматтар алуға жан-жақты мүмкіндіктер тудырып отыр. Ең бастысы, атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалануға деген түсіністік қалыптасып, қолдаушы тараптың арта түскенін байқау қиын емес. Иә, осы тақырыпқа әңгіме қозғалса, жұртшылықтың көзіне Чернобыль, Фукусима қалаларында орын алған жойқын апаттар мен Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың елестейтіні заңды. …

АЭС – энергия қауіпсіздігі Read More »

Мүмкіндіктері шектелмейді

Өңірде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 678 әлеуметтік нысан бейімделді. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті осы мекемелерге тексеріс жүргізіп, заң бұзушылықтарды жою үшін 51 ұйғарым берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды …

Мүмкіндіктері шектелмейді Read More »

Гүлмира МҰХАМЕДЖАНОВА: “Қазақ тілінің ғылым тіліне айналуға әлеуеті жетеді”

– Гүлмира Тастемірқызы, көзді ашып-жұмғанша қыркүйектің алғашқы апталары да өте шықты. Биылғы оқу жы­лын қандай өзгерістермен бас­тап отырсыздар? – 2024-2025 оқу жылында “қа­зақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағ­дарламасы бойынша дуалды оқытуды қолға ала бастадық. Бұл дегеніміз колледжді тамамдаған студенттер бірден университет­тің үшінші курсына оқуға қабыл­данып, әрі өз мамандығы бойынша жұмыс істей береді деген сөз. …

Гүлмира МҰХАМЕДЖАНОВА: “Қазақ тілінің ғылым тіліне айналуға әлеуеті жетеді” Read More »