«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Табысты курстар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орта­лығы” акционерлік қоға­мы облыстық филиалы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында мем­лекеттік тапсырыс аясында біліктілікті арт­тыру курстарын сәтті өткізді. Курстарға облы­сы­мыздың 1489 педагогы қатысты. Біліктілікті арттыру курстарына 60 топ іріктеліп алынды. Со­ның ішінде 4 топтың курсы көшпелі бағытта Есіл, Тайынша және Мам­лют аудандарында ұйым­­дастырылды.

Бүгінде мектепке дейінгі білім беру саласында 6 білім беру бағдарламасы бойынша курстар жүзеге асырылуда, орта білім беру педагогтарына білім берудің басым бағыттары бойынша 26 бағдарлама ұсы­нылады. Бұл оларға пән­дік бағыттарға ерекше көңіл бө­ліп, соңғы тенденцияларға сәй­кес әдістемелік тәсілдерін жа­ңартуға мүмкіндік берді.

Біздің курстар заманауи оқы­ту әдістері бойынша білім мен дағдыларды тереңдетуге, оқу процесіне цифрлық техноло­гия­ларды енгізуге және педа­гогтардың көшбасшылық қа­сиет­терін дамытуға бағыт­тал­ған түрлі бағдарламаларды қам­тиды.

Биылғы жаңашылдықтар­дың қатарында 2024 жылға арналған арнайы бағдарлама­лар бар, оның аясында мек­тепке дейінгі ұйымдардың 140 педагогы мен орта білім беру ме­кемелерінің 943 маманы білік­тіліктерін арттырды. Олар­дың қатарында “Мектеп жасы­на дейінгі балалардың комму­ника­тивтік құзыреттілігін дамытудағы арт-педагогикалық технологиялар”, “SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары”, “Ин­клюзивті білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби құзы­реттілігін дамыту”, “Әдістемелік қызметті трансформациялау”, “Python бағдарламалау тілін оқы­тудың әдістемесі мен тәжірибесі” секілді бағдарламалар бар. Педагогтар жаңа білім­дерді игеріп қоймай, білім сапасын арттыру үшін қолдана алатын практикалық дағдылар­ды да меңгерді.

Педагогтар білім беру бағ­дарламаларының өзектілігін және ұйымдастырылуын жоғары бағалап, олардың кәсіби және жеке дамуға ықпал ете­тінін ерекше атап өтті. “Өрлеу” педагогикалық шеберлікті да­мытуда басты рөл атқарып, мұғалімдерді білім беру жүйесінің жаңа міндеттеріне дайын­дап келеді.

Айнагүл ҚАБДИРОВА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамы облыстық кәсіби даму институты директорының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp