Аққайың ауданының 56 жастағы тұрғыны өз үйінің ауласында “POLARIS” маркалы квадроциклмен, аударылып қалды. Салдарынан жанында отырған 4 жасар бала ауыр жарақат алды. Сәби бірден орталық аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер баланың өміріне араша түсе алмады. Квадроциклдің жүргізушісі ауруханада жатыр.
“Қылмыстық кодекстің “Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайы тергеліп жатыр”, – делінген полиция ведомствосының баспасөз хабарламасында.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.