«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Абайсызда ажал құшты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аққайың ауданының 56 жас­тағы тұрғыны өз үйінің аула­сында “POLARIS” маркалы квадроциклмен, аударылып қалды. Салда­рынан жанында отырған 4 жасар бала ауыр жа­рақат алды. Сәби бірден ор­талық аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер ба­ланың өміріне араша түсе ал­ма­ды. Квадроциклдің жүргі­зушісі ауруханада жатыр.

“Қылмыстық кодекстің “Абай­­сызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын бас­қаратын адамдардың жол жү­рісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұ­зуы” бабы бойынша сотқа де­йінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайы терге­ліп жатыр”, – делінген полиция ведомствосының баспасөз ха­барламасында.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp