«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақ пен қараның тартысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды драма театрының қоржыны тағы бір қойылыммен толықты. Көрермен назарына ұсынылған “Қол” атты қойылымға адамзатты алаңдатқан жемқорлық мәселесі арқау болған. Пьесаның авторы – жазушы Сая Қасымбек.

Спектакльдің тұсаукесеріне жиналған халықтың қарасы қа­лың болды. Олар ең алдымен өнер ордасының фойесіндегі фо­токөрмені тамашалады.

Бөтеннің мүлкін иемденуді, өз пайдасын ғана ойлауды әдет­теріне айналдырған жандардың жымысқы әрекеттерін театр ті­лінде сипаттаған Сая Қасым­бектің шығармасы көпшілікті тамсантты. Әртістер көрерменге қулық-сұмдықтың қиянатын, жү­рек тазалығының мәнін түсін­дір­гендей болды. Қойылым зұ­лымдықтың жұқпалы екенін ғана айтып қоймай, ақылға тоқтап, сол қолды тірек, оң қолды күш ету қажеттігін баяндады. Жарық сөне салысымен сахна төріне шыққан әртістер дәл ортаға басшының орындығын сүйрей жөнелді. Өмірде сүрінбей, тар­шылыққа мойымай, барға қана­ғат етіп өмір сүруді аңсаған адам орындығына қарай асықты. Алай­да, ол өз ойынан жеңіліп, жемқорлықтың қармағына түсті. Оның бұл әрекетіне өзі ғана емес қос орынбасары да кінәлі. Жазушы жемқорлыққа қатысты қылмыстардың дені сыбайлас­тық негізінде жүргізілетінін айт­қысы келген.

Спектальді қоюшы режиссер Бекболат Құрманғожаев адам­ның ақ пен қараға, жақсы мен жа­манға деген ұмтылысын ажыра­тып көрсете білген. Жемқорлық­тың адамды ғана емес, тұтас елді құртатынын сахна тілімен жеткізген оқиға көпшілік көрерменді ойландырғаны анық.

Қарақат АМАНЖОЛ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 2 курс студенті.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp