«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жоба жеңімпаздары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “Бір ауыл – бір өнім” бағдарламасының өңірлік бренд-комитетінің отырысы өтті. Нәтижесін­де төрт кәсіпкер жеңімпаз деп танылды. Енді олар түрлі қолдауға ие болмақ.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліме­тінше, биыл “Бір ауыл – бір өнім” бағдарламасына қатысуға өңір­ден 24 өтініш түскен.

“Қатысуға өтініш берген кәсіпкерлер өз өнімдерін 29 тамызда Петропавлда өткен көрме-жәрмеңкеде көпшілік назарына ұсын­ды. Көрме қорытындысы бойын­ша конкурстың ақтық кезеңіне 10 кәсіпкер өтті, олар кейін өз жоба­ларын өңірлік бренд-комитет ал­дында қорғады”, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының дирек­торы Есжан Оразалин.

Қазылар алқасы құрт, ара ша­руашылығы өнімдері, кір сабын, жүннен жасалған бұйымдар, ешкі сүтінен жасалған өнімдер, тосап пен джем, кондитер өнімдері ара­сынан үздіктерді анықтады.

Бренд-комитеттің шешімімен кір сабын жасайтын “Береке”, құрт әзірлейтін “Дос­ход­жаев”, тосап-джем қайнататын “Аружан” жеке кәсіпкерлігі және ешкі сүтінен түрлі өнім дайындайтын “Тамаша” жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі жеңімпаз атанды.

“Үздіктерді таңдау кезінде бі­рінші кезекте кәсіпкерлердің өнім немесе тауар өндірісінде тек жергілікті шикізат пен қол еңбегін пай­далануына баса назар аударыл­ды. Сондай-ақ, кәсіптің әлеуеті, оның қаптамасы, тауардың ай­мақтық ерекшеліктері, оның ішкі және сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігі сараланды”, – дейді Ес­жан Оразалин.

Жоба жеңімпаздарына марке­тологтар өз өнім-тауарларын одан әрі жетілдіріп, брендтеу, серти­фи­каттау және экспортқа шығару бойынша көмек көрсетеді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp