«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мүмкіндіктері шектелмейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 678 әлеуметтік нысан бейімделді. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті осы мекемелерге тексеріс жүргізіп, заң бұзушылықтарды жою үшін 51 ұйғарым берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды негізге алады. Сондай-ақ “Amanat” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысның тапсырмасы бойынша әзірленген “Халықпен бірге” жобасы қолға алынған.

“Amanat” партиясының интерактивті қолжетімділік картасына 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс енгізілген. Жыл сайын нысандардың 20 пайызы бейімделуі тиіс. Қазіргі уақытта ел бойынша 16 541 нысанда тиісті жұмыс атқарылды.

Ал осы жылдың соңына дейін облыс бойынша 634 нысанды бейімдеу жоспарланса, өңірде бұл жұмыстың артығымен орындалғаны байқалады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген ғимараттардың ішінде мемлекеттік ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, сауда және қызмет көрсету нысандары бар.

“Мен 2024 жылдың наурыз айында департамент мамандарына “Горизонт” сауда үйі мен “Квартал” бизнес-орталығының мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді еместігін айттым. Менің өтінішім бойынша департамент қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс жүргізді, нәтижесінде ескертулерді жою бойынша шаралар қабылданды. Бірінші топ мүгедектігі бар азамат ретінде мен облыста жақсы жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмын”, – дейді “Ардос-Жүрек” қоғамдық бірлестігінің басшысы Кәрім Ақжан.

Мемлекеттік бақылау аясында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүтстік Қазақстан облысы бойынша департаменті биылғы 8 айда мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік сынды тағы да басқа салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 67 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 2 млн. теңгеден астам сомаға 7 әкімшілік айыппұл салынды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp