«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАПКЕР АУЫСТЫ, ҚҰРАМ ЖАҢАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Хоккейден жоғары лига командалары жаңа маусымды бастады. Ел бірінші­лігінің алғашқы екі матчын “Құлагер” клубы өз мұз айдынында алматылық командаға қарсы өткізді. Бірінші ойында жерлестеріміз булиттер сериясында есе жіберсе, қарымта кездесуде қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Чем­пионат енді басталғандықтан, солтүстікқазақстандық хоккейшілердің қарым-қабілетін толықтай бағамдап, баға беруге әлі ерте. Дегенмен, клуб бас­шылығы биыл жүлделі орындардан дәмелі екенін жасырмайды.

Былтырғы хоккей маусымы “Құ­лагер” клубы үшін сәтсіз өтті. Жерлестеріміз ел біріншілігін­де 11 команданың ішінен 9-шы сатыға жайғасты. Қазақстан ку­бо­гында да сүреңсіз ойын өрне­гін көрсетті. Плей-офф сатысы­на өте алмай, жарыс жолынан ерте шығып қалғаны белгілі. Бұ­рынғыдай емес, жанкүйерлердің де жергілікті хоккейшілерге де­ген сенімі жоғала бастағандай.

– “Құлагер” клубы ашылғалы бері командаға жанкүйермін. Өт­кен маусымда жерлестеріміз ке­лі­сіп алғандай үйдегі қос кезде­судің біреуінде ғана жеңіске же­тетін. Ал сыртта бірде-бір ұпай еншілемеді. Көрші елден келген легионерлер де көзге түсе алмады. Жерлестеріміз үшін биылғы чемпионат қалай өтетіні әлі белгісіз. Бапкерлер ауысып, жаңа ойыншылар қатарға қосылды. Өт­кеннен сабақ алып, дұрыс қо­рытынды шығарса екен, – дейді “Құлагер” клубының жанкүйері Нұр­жан Сәліков.

Маусым басталмай тұрып “Құ­лагер” клубының құрамында бірқатар ауыс-түйістер болды. Жаңа бас бапкер тағайындал­ды. Бұл қызметке Артем Аргоков лайық деп танылды. Ол 2015 жыл­дан Атырау қаласының “Бей­барыс” клубының сапында қызмет етті. 2021-2022 жылғы мау­сымда Артем Аргоковтың бас­шылығымен бұл команда бі­ріншіліктің қола жүлдегері атан­ған. Өткен жылы да атырау­лық­тар тәуір ойнады.

– Командаға жаңа бапкер таңдарда оның ел біріншілігін­дегі тәжірибесін ескердік. Қа­зақ­стан хоккейімен жақсы таныс әрі шабуылға көп көңіл бөлетін ма­ман керек болды. Осылайша “Бейбарыстың” бұрынғы бапке­рімен келісімшартқа отырдық. Ар­тем Аргоков ойыншы ретінде де танымал. Ол Новокузнецк қа­ласының “Металлург”, Тольят­тидің “Лада” және Өскеменнің “Торпедо”, Атыраудың Бейбарыс” командаларында ойнаған, – дейді “Құлагер” командасының директоры Игорь Шерстов.

Биылғы маусымға дайын­дық­ты “Құлагер” шілденің 2-сі бас­таған болатын. Жазғы оқу-жат­тығу жиынына жергілікті жас ойыншылар да шақыртылыпты. Олардың арасынан бас бапкер­дің көзіне түскендері іріктеліп алынды. Нәтижесінде клубтың құрамы 50 пайызға жаңартыл­ды. Қазір командада 53 ойыншы бар. Оның 14-і – шетелдік болса, 17-сі – петропавлдық хоккей мек­тебінің түлектері, қалғаны – елі­міздің басқа командаларынан кел­гендер.

– Клубтың құрамын жасақтау барысында бірнеше жолдастық кездесулер өткіздік. Өзін жақсы қырынан көрсете алғандар ко­ман­да сапында қалды. Жазғы уа­қытта Қазақстан кубогының ойындары өтті. Бұл жерлес­те­ріміз үшін алғашқы сынақ бол­ды. Жаңа ойыншылар өздерін көр­сете алды. Бұл турнирдегі бас­ты мақсат – же­ңіске жету емес, хоккейшілердің команда ретінде қалыптасуы бол­ды. Клуб “өлім” тобына түсіп, Қазақстан чемпиондары көкше­тау­лық “Арлан”, мен “Торпедо” және кубок иегері Өзбекстанның “Хумо” командаларымен күш сы­настық. Қуанышымызға орай, хоккейшілеріміз плей-оффқа өтіп, үздік төртікке енді. Бұл – соң­ғы бес жылдағы ең жоғары нәтиже, – деген клуб директоры Игорь Шерстов осы турнирден соң жер­лестеріміздің чемпио­натта жүл­деге таласа алатынын байқаған. Жанкүйерлер ко­ман­дада жергілікті ойыншылардың санының аздығына наразы. Алай­да, клуб директорының сө­зінше, өзге клубтарға қарсы тұру үшін кәсіби хоккейшілердің кө­ме­гі­не жүгінуге тура келеді.

– Тек жергілікті жерде ойнап, сыртқа шықпаған, тәжірибе ал­маған жастардан мықты коман­да жасақтау мүмкін емес. Сон­дықтан біз өзге клубтардан ойын­шылар тарттық. Шетелдік және отандық спортшылардан “симбиоз” құру арқылы жеңіске жете аламыз, – дейді Игорь Шерс­тов. “Құлагер” клубының бюджетіне келер болсақ, биыл­ғы маусымға командаға 775 млн. теңге бөлінген.

Бас бапкер жазғы оқу-жатты­ғу жиыны мен ел кубогын қоры­тындылай келе бірнеше ойыншы­ның өнерін ерекше атап отыр. Оның айтуынша, Қазақ­стан ку­богының топтық кезеңін­де үздік қақпашы атанған Денис Кара­таев пен команда капитаны Антон Гловацкий аз уақыттың ішін­де өздерін жақсы қырынан көр­сетіпті.

– Петропавлда жас хоккей­шілер легі өсіп келеді. Биылдың өзінде 17 жігітті негізгі құрамға алдық. Ел кубогында солтүстік­қазақстандық хоккей мектебінің түлегі Иван Казаченко үздік сұр­мергендер тізіміне енді. Жақын­да өткен бірінші тур ойынында да ол көзге түсті, – дейді Артем Аргоков.

Ел чемпионатының кестесі­не сәйкес, жерлестеріміз қыр­күйектің 23-24-і күндері өзбек­стандық “Хумо” командасына қарсы ойын өткізеді. Петропавлда өтетін қос матчта на­мысты қолдан бермейді деп се­неміз.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp