«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ҚАЛАМГЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында белгілі журналист, жазушы Бақыт Мұстафинды еске алу кеші өтті. Жиынға жазушының зайыбы, әріптестері мен мектеп оқушылары қатысты.

Артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған қаламгер саналы ғұ­мырын журналистика саласына арнады. Облыстық “Soltüstık Qa­zaqstan” (бұрынғы “Ленин туы”) газетінде 45 жыл табан аудар­май жұмыс істеген журналисттің басылымның дамуы мен гүлде­нуіне қосқан үлесі зор. Көзі тірісінде 10-нан астам кітабы жа­рық көрген.

Жазушының зайыбы Дәмелі Мұстафина жұбайының өмірде өте биязы, қарапайым, мәде­ниетті адам болғанын айтты. “Балаларды ерекше жақсы көр­ді. Сондықтан болар, бұл тақы­рыпты әңгімелерінің негізгі өзе­гіне айналдыра білді. Бәкең асыл жар, ардақты әке ғана емес, өңір журналистикасының, соның ішінде “Soltüstık Qazaqstan”-ның ыстығына күйіп, суы­ғы­на тоңған жан”, – деді ол.

Жаны жайсаң азаматтың тә­лімін көрген әріптесі Дәмет Бек­тасова да еске алу кешіне қаты­сып, естеліктерімен бөлісті. Қолынан қала­мын тастамаған журналисттің газетте жария­ланған талай ма­қа­ласы тасқа басылған шежіре­дей қаттаулы тұрғанын айту қажет. Оның “Жәлел Қизатов”, “Жайнаған жер”, “Құрманғали Сұрағанов”, “Диқан жолы”, “Да­лам – дәулет ордасы” сияқты очерктер жи­нақтары мен бала­ларға арнал­ған “Тәтті сәбіз” кі­тап­шасы оқыр­мандардың сүйікті туынды­сына айналған.

Гүлмира ТЕМІРҒАЛИҚЫЗЫ,

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp