Облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында 18 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов “Халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау әдістерін жетілдіру, әлеуметтік карталарды және өтемақының басқа да нысандарын енгізу туралы” баяндама жасағаннан кейін осы мәселеге қатысты тұрақты комиссияның төрайымы Ольга Клишина мен депутат Шынар Біләлова ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұдан кейін мінбеге көтерілген облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант өңір бюджетіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, өңірдегі төтенше жағдайлардың салдарын жою және 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысымен сәйкестендіріле өзгеріс енгізілгенін жеткізді.
Сессияда мәслихаттың Солтүстік Қазақстан облысының басқару сызбасын, жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын, өңірдің қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың ережелерін бекіту туралы шешімдеріне өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, кадрлық тағайындауларға байланысты облыс әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың дербес құрамы жаңартылды.
Бұдан бөлек, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару жөніндегі шарт қаралды.
Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.