«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕРВИСТІК ПОЛИЦИЯ – СЕНІМ НЕГІЗІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміз бойынша азаматтарымыздың құқығын қорғау саласында кешеді шаралардың ат­қа­ры­лып жатқанына бәріміз куәміз. Ондағы негізгі мақсат – әділетті қоғам құру және соның ар­қасында дамудың сара жолына түскен озық елдерге теңесу болмақ. Президент Қасым-Жо­март Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық опти­мизм” атты Жолдауында осы бағыттағы реформаларды жалғастырудың жүйелі бағыт­тарын бел­гілеп берді. Кез келген қоғамның басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділ­дік пен қауіпсіздік екеніне айрықша назар аударып, ауқымды реформалар кезең-кезеңімен жү­зеге асы­рылып жатқанын, саяси жаңғырудың нәтижесінде әркімнің өз ойы мен пікірін ашық айтып, мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне араласуына жол ашылғанын, сон­дай-ақ әлеу­меттік-экономикалық тұрғыдан терең өзгерістер жасалып жатқанын атап өтті.

“Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру”, – дей келіп, құ­қық қорғау органдарына және бас­қа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін ба­рынша қамтамасыз етуді жүкте­ді. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, қоғам мен азаматтар­дың және жол қауіпсіздігін ны­ғайту, есірткі қылмысына, ванда­лизмге, лудоманияға, түрлі экст­ре­мистік, оның ішінде әсіре дін­шілдерге қарсы күрес – мұның бәрі тәртіп сақшыларынан қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын ке­суді талап етеді. Ішкі істер ор­ган­дарының осы бағыттарға баса назар аударуы қоғамның сұра­нысынан туындап отыр.  Кәсіби­лік, батылдық және табандылық таныта отырып, стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміз­дің бейбіт өмір сүруіне және тұ­рақты дамуына жағдайды қа­лып­тастыру күн тәртібінде өткір тұр. Облыстық полиция депар­таментінің жедел кеңестерінде қызметтік жұмыс қорытындыла­ры шығарылып,  қазіргі кезеңдегі ба­сымдықтар егжей-тегжейлі бел­гіленіп отырады. Әр сала бойынша нәтижелер сараланып,  заң мен тәртіп идеологиясын ор­нықтыруға барынша күш салы­нады. Талдау көрсеткендей, өт­кен жылы қасақана кісі өлтіру фак­тілері 31 пайызға төмендеді.   Алайда есірткіге қатысты қыл­мыстар саны азаймай отыр. Есірт­кі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызмет­керлері Петропавл қаласының екі тұрғынының көлігінен 128 келіден асатын марихуана тап­ты. Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті­лерден тәркіленген есірткінің жал­пы салмағы 600 келіні құрады. Қа­былданған шаралар­дың арқа­сын­да қоғамдық орын­дардағы, көшелердегі, сондай-ақ отбасы­лық-тұрмыстық қаты­нас­тар са­ласында қылмыс пен заңсыздық азайып келеді. 

Сервистік полицияны – се­нім­ді қарым-қатынастың негізі десе де болады, мұндағы басты мақсат кері байланысты нығайту. Оның аясында тұрғындармен кездесулерде орын алған проб­ле­маларды шешу жолдары тал­қыланады. Құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, өті­ніштер бақылауға алынады.  Ішкі істер органдары ақсақалдары­мен, М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттерімен, мектеп оқушы­ла­ры­мен кездесулерде қылмыс­тар мен құқық бұзушылықтар жа­саған жағдайда қарастырылған жауапкершілік,  нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың қаупі, бул­линг, тағы басқа тақырыптар қоз­ғалып, қауіп-қатерлер мен олар­ды еңсеру жолдарына басымдық берілді. Пікір алмасулар жастар арасында құқықтық сауаттылық көрсеткішінің әлі де төмен екенін көрсетіп берді. Сондықтан мек­тептерде, жоғары оқу орында­рында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін бі­лім бағдарламасын енгізу ұсы­нысы өрендердің әртүрлі алаяқ­тардың құрығына түсіп қалмау­ларына мүмкіндік берері сөзсіз.

Жолдауда өркениетті ел бо­луға кедергі жасайтын, болаша­ғына кесірін тигізетін жағымсыз әрекеттерден арылу талабы,  вейпке, яғни электронды темекі сияқты әлеуметтік кеселдің бә­рімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу талабы қойылды. Өңірде алкогольді ішімдікке тәуелді адам­дардың саны 3 мыңнан аса­ды. Бүгінгі таңда кибер­қыл­мыс­тар қоғам қауіпсіздігінің жаhан­дық кеселіне айналып отыр. Елі­мізде тіркелген барлық қылмыс­тар­дың 3 пайызы біздің өңірде жасалады.

Облыс полицейлері алаяқ­тыққа байланысты, әсіресе ақпа­раттық технологиялар саласын­дағы қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу бойынша күнде­лікті жұмысты басты назарда ұс­тайды. Биылдан бастап крими­налдық полиция және “Cyberpol” тобы алаяқтық схемаларға қар­сы иммунитет қалыптастырудың тең форматтарын қолдана бас­та­ды. Қылмыстың осы түрін ба­рынша азайтудың пәрменді те­тіктерінің бірі – “eGov” порталын­дағы жеке кабинетте банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту. По­лицейлердің ұсынысы бойынша 150 мыңға жуық солтүстікқазақ­стандық осы операцияны пайда­лан­ды. Профилактикалық жады­намаларды тарату бойынша апта сайынғы акциялар, еңбек ұжымдарымен кездесулер, ау­ла­­­ларды аралау барысында жеке әңгімелер, баннерлер, роллапптар, билбордтар орна­ту, желілік шолғыштарды пайда­лану, тіпті супермаркеттерде азық-түлік қаптамаларына про­филактикалық жапсырмаларды орналастыру, тақырыптық фильм түсіру және тағы басқа ша­ралар белсенді жүргізілуде.  Жыл басынан бері өңірде 528 алаяқтық қылмыс тіркелді.

Жолдауда айтылған страте­гия­лық векторлардың бірі – қо­ғам­да заң мен тәртіп идеология­сын бекіту, адамдардың қауіп­сіз­дігін жан-жақты қамтамасыз ету. Сыртқы бейнебақылау камера­лары, жол қозғалысы ережеле­рін бұзушылықтарды тіркеудің ин­­теллектуалды жүйелері мен ап­параттық-бағдарламалық ке­шендер, “102” мобильді қосым­шасы, “SOS” көше түймелерінің желісі, патрульдік полицияның және учаскелік инспекторлар­дың стационарлық бекеттері, са­намалай берсек, қазіргі заманғы полицейлердің арсеналындағы за­мануи құралдар аз емес. Алай­да бұл жағдайда тек ішкі іс­тер органдары қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттері жеткіліксіз, сонымен қатар ха­лықтың белсенді өмірлік ұста­нымы болуы керек. Құқыққа қай­шы іс-әрекеттер орын алған жағ­дайда, бірінші кезекте, мессенд­жер чаттары бойынша сілтеме­лер жіберіп, әлеуметтік желілер­де қылмыстарды жариялаумен айналыспай, бірден полиция кө­мегіне жүгінген жөн. Тәжі­рибе көрсеткендей, тіпті кішігірім құ­қық бұзушылықтар үлкен зиян ту­дыруы мүмкін. Сондықтан ішкі іс­тер министрлігінің нұсқауы бойын­ша полицияның жеке құ­рамы ұсақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға – бұзақы­лық­қа, вандализмге, заңсыз им­миг­рацияға және ауыр қылмыстарға нөлдік төзімділік бойынша жұ­мысты жандандыруы тиіс.

Жолдауда жол апаттары қо­ғамның алаңдаушылығын ту­ғы­зып отырғаны айтылды. Жыл ба­сынан елмізде жол-көлік оқи­ға­­сынан 1300 адам қаза болып,  16 мыңнан астам адам зардап шеккен. Олардың арасында тұ­тас отбасылар да бар. Жол-көлік инфрақұрылымын жақ­сарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіп­сіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Жүр­гізушілер даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені жасырын емес. Осы жылдың 8 айында өңір­де 297 жол-көлік оқиғасы тір­келді, салдарынан 23 адам көз жұмып, 405 адам түрлі дене жа­рақатын алды. Жол қозғалысы ереже­лерін өрескел бұзушылық­тар­­дың алдын алу және көлік апат­тары мен балалардың жара­қат алуын азайту бойынша ке­шен­ді жұмыстар күшейтілді. Елді мекендер мен қала сыр­тын­дағы автожолдардың көше-жол желі­сіндегі кемшіліктерді жүйелі түр­де тексеру және сапалы ба­қылауды іске асыру, заң бұзу­шы­лықтарды тіркеудің зияткер­лік жүйелерінің желісін кеңейту, про­филактикалық, оның ішінде түнгі рейдтер, акциялар – бұл жұ­мыс­тардың барлығы жандан­ды­рылды.

Алдағы маңызды міндеттің бірі – есірткі саудасына және на­ша­қорлыққа қарсы күресті бә­сеңдетпеу. Президент халыққа арнаған Жолдауында ұлттың ге­нетикалық қорын аман сақтап қалу жайына ерекше көңіл бөліп,  есірткі мәселесі ушығып бара жат­қанын жасырмады. Осыған орай, қажетті заңнамалық нор­ма­­ларды қабылдап, әрбір мем­ле­кеттік құрылым, әсіресе құқық қорғау органдарына тиімді жұ­мыс істеу міндетін жүктеді.   Об­лыстық полиция департаменті­нің жеке құрамы Мемлекет бас­шысы белгілеген міндеттерді, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі­нің тапсырмаларын орындау үшін барлық әлеуетке ие.  Аза­маттардың қауіпсіздігі мен жайлы­лықты қамтамасыз ету үшін бар күш-жігеріміз бен тәжірибе­­мізді жұмсауға дайынбыз.

Айдын ҚАБДҰЛДИНОВ,

облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp