«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ, МЕРДІГЕРЛЕР БЕЛГІЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде көктемдегі су тасқынынан зақымданған гид­ротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру басталды. Мердігерлерге бұл жұмысты екі ай ішін­де аяқтау міндеті жүктелген.

Көктемгі су тасқыны кезін­де бұл нысандар қатты ағысқа шы­дас бермей, бұзылған еді. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хам­бе­тов атқарылатын жұ­мыстар бойын­ша жол картасы қабылда­нып, қаржы бөлінге­нін, мер­дігерлер анықталға­нын жет­кізді.

“Жұмыс Петропавлдағы Былғары зауыты және Зареч­ный кент­те­ріндегі, Ущев көше­сінің бойын­дағы және Ойқала­дағы 0,8 шақырымдық бөгет­терде жүргізіледі. Дәл осын­дай жұ­мыстармен Қызылжар ауда­нындағы Прибрежное, Бескөл және Тепличное ауыл­дары да қамтылады. Сондай-ақ биото­ғанның айналасын­дағы бөгет бе­кітіліп, Жеңіс сая­бағында ашық нөсерлік кәріз жүйесі ор­натылып, жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіл­мек”, – деді Ғауез Торсанұлы.

Бөгеттерді нығайту және биіктету жұмыстары тиісті талап бойынша жүргізіліп жатыр. Яғни Есіл өзе­ніндегі судың дең­гейі есепке алынған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp