МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӨМІРІНІҢ БІР КЕЗЕҢІ
Мұхтар Әуезовтің өмірбаянында толық ашылмай, тиянақ таппай жүрген кезеңнің бірі – 1922 жыл және оның Орынбордан Тәшкенге қай уақытта, не себеппен келгені. Өзі жазған өмірбаянында: “ҚазОАК (КазЦИК) төралқасы мүшесі ретіндегі үлкен лауазымды қызметтен 1922 жылы партия органдары мен үкіметтің рұқсатынсыз кеттім…” деп жазады. Алдымен осы қызметке қалай, қашан келгендігі туралы деректерді қарайық. Қазақстанның орталық архивіндегі …