«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Танымдық шара

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітахана қызметкерлері М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі оқушыларына белгілі ақын, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Ескен Елубаевтың шығармашылығына арналған “Балалардың сүйікті досы” атты әдеби шара ұйымдастырды.

“Сиқырлы қазан” ертегілер клубы аясында өткен әдеби кеште оқушылар қаламгердің өмірі және шығармашылығымен кеңінен танысты.

Ескен Елубаев 1942 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Отар стансасында дүниеге келген. 1966 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін тамамдайды. Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық “Ара”  журналына басылыпты.

Танымдық шарада жазушының әртүрлі жастағы балаларға өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, сонымен қатар қуыршақ театрларына арналған пьесалар жазғаны айтылды. Соның ішінде “Балабек”, “Асар” пьесалары бірқатар республика театрларында сахналанған. “Даналық тісі” , “Кім мықты?”, “Батыл адам”, “Мың сөз” кітаптарын жас оқырмандар сүйіп оқиды.

Жиын барысында кітапхана қызметкерлері автордың пьесасы бойынша “Саған күшік керек пе?” кинофильмі түсірілгенін, шығармалары мектеп бағдарламасына енгізілгенін жеткізді. Әдеби шарадан мол мағлұмат алған оқушылар Ескен Елубаевтың шығармаларына ерекше қызығушылық танытты.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp