«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тарихи таңдау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мү­шелері “AMANAT” партиясының белсенділерімен кезде­сіп, АЭС салу идеясының мән-мақса­тын, ел экономикасын ілгерілету­дегі ше­шуші рөлін түсіндірді. Олар ре­ферендумға белсенділікпен қа­тыса отырып, дұрыс таңдау жасау әрбір саналы азаматтың борышы екенін айтты.

“АЭС-ке қатысты мәселеде әр­қилы ұстанымның болуы заңды.  Біз­дің міндетіміз – оның артықшылы­ғын айтып қана қоймай, қазақстандық­тардың өмір сапасын  жақсарту­ға жасалған нақты қадам екенін ұғын­дыру”, – деді  “Білім” бастауыш партия ұйымының төрағасы Евге­ний Максимов.

Кездесуге қатысушылар өрке­ниетті дамудан Қазақстан да тыс қа­ла алмайтынын, АЭС энергия беріп қа­на қоймай, экономика мен ғы­лым­­ды жаңа деңгейге көтеретінін айтты.

“6 қазанда Қазақстан халқы ал­дында тарихи таңдау тұр. Жалпы­ұлттық шешім еліміздің экономика­лық және технологиялық болаша­ғын айқындайды. Атом электр стан­сасының құрылысына қатысты прог­рессивті идеяның айналасына адамдарды топтастыру мақса­тын­да АЭС салуды қолдау жөніндегі ха­лықтық штаб құрылды. Оның құ­ра­мына саяси партиялар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары енген”, – деді Мәжі­ліс депутаты, “AMANAT” партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Ермек ЖҰМА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp