«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз тексеріс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокуратурасы мем­лекеттік кірістер органда­рының қызметін талдау ба­ры­сында кәсіпкерлердің құ­қықтарының бұзылғанын анық­тады.

Мәселен, Петропавл қаласы мен Есіл, Мағжан Жұмабаев, Шал ақын, Қызылжар аудандарына қа­расты құрылымның лауазымды тұл­ғалары Кәсіпкерлік кодексінің та­лап­тарын өрескел бұза отарып, биз­нес субъектілеріне салықтық тексе­рулер жүргізген. Прокурорлық қада­ғалау актісі бойынша аталған салық органдарының басшылары тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкім­шілік жауапкершілікке тартылды. Қа­зіргі уақытта айыппұлдар толық тө­ленді, салықтық тексерулер заңсыз деп танылып, шешімнің күші жойыл­ды.

Жыл басынан бері облыстық прокуратура мамандары 270 кәсіп­кердің құқығын қорғады. Бизнес субъектілеріне құқықтары бұзылған жағдайда кәсіпкер­лердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (байланыс телефоны +7-771-362-08-99) арқылы облыс­тық прокуратура қызметкерімен тікелей байланысуға болады.

Аида БАБАСОВА,

облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp