«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНКЛЮЗИВТІ ҚЫЗМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етуде.

Бұрын мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері перзенттерін емханаға тікелей жүгінгенде ғана тіркей алатын. Қабылдау өтініш берушінің жеке қатысуын ғана емес, сонымен бірге қамқоршылықты немесе қорғаншылықты растайтын сот шешімін немесе басқа құжатты ұсынуды талап ететін.

Жаңартылған мемлекеттік қызмет көмегімен қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және балаға немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қамқорлық жасап, білім беру, тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар өздерінің қамқорлығындағы жандарды тіркеу үшін емханаға өтініш бере алады.

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:

– “eGov.kz” порталында авторизациядан өтіп, “Денсаулық сақтау” бөлімінде “Емханаға тіркелу” қызметін таңдау қажет;

– өтініш берушінің санатын: “Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)” немесе “Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)” таңдау керек;

– аймақ пен ауданды, емхананы, тіркеу себебін (көшу немесе еркін тіркеу), емдеуші дәрігерді таңдап, сонымен қатар көрсетілетін мекенжай мен байланыс телефон нөмірін толтыру қажет;

– қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ/QRCode немесе sms-растау арқылы өтінімге қол қою керек.

Қызметтің нәтижесімен пайдаланушы өтінімді тікелей медициналық ұйымның қарауынан кейін жеке кабинетінде таныса алады. Үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін өтетін тіркеу науқанының аясында медициналық ұйымды ауыстыруға болады.

Жайнагүл СЕЙДАХМЕТОВА,

 “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ  қоғаммен байланыс басқармасының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp