«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢДАЙ ТЕРДІҢ МЕРЕЙІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орақ науқанының басы ша­руалар үшін қиынға соққаны­мен, қыркүйектің шуақты күн­дері еңбек өнімділігінің артуы­на септесті. Бүгінге дейін ди­қандар астықты алқаптардың жартысынан көбін орып үлгер­ген. Бұл осы салада тер төгіп жүрген еңбек адамдарының ар­қасы. Күн-түн демей техника тізгіндеп, дақылды қамбаға құю­ға асыққан жандардың жұ­мысы құрметке лайық.

Аққайың ауданындағы ал­қап­тарда да тыным жоқ. Жол бойынан егін жинаған ком­байн­дар мен астық толы жүк көліктерін жиі кездестіресіз. Ау­дан орталығында орналасқан астық қоймасындағы өнім кө­ле­мі де күн санап артып келе­ді. Алайда бұл саладағы бір мәселе – кадр тапшылығы. Егін егу мен жиын-терім кезінде се­ріктестіктер жұмысшы таппай әлекке түседі. Жастардың ара­сында ауыл шаруашылығы са­ла­сына баратындар аз. Соңғы жылдары еңбек адамының бе­делін арттырып, лайықты ба­ға­сын беруге баса көңіл бөлі­нуде. Мемлекет бас­шысы ха­лыққа арнаған биыл­ғы Жол­дауын­да: “Біздің қоғам­да ең­бек­қорлық, кәсібилік сияқты қа­сиеттер өте жоғары бағалану­ға тиіс. Өз кәсібін же­тік меңгер­ген мамандар ұлт са­пасын арт­тырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебе­сін көтеріп жатырмыз. Бұл ба­ғыттағы жұ­мыс тоқтамайды, жал­ғаса бе­ре­ді. Жұмыстың жа­маны жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жа­уапкершілік­ті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс.

Сонда ғана еліміз дамудың са­ра жолына түседі”, – дей келе ең­бек адамының беделін арт­тыру бағытындағы шаралар үз­діксіз атқарылатынын жеткізді.

Өңірдегі агроқұрылым мен өн­­­­діріс орындарында бүгінде мың­­­даған адам тер төгуде. Солар­дың бірі – Руслан Акмурзи­нов.

– Егіс даласында еңбек етіп жүргеніме біраз жыл болды. Бүгінде Аққайың ауданындағы “Алтын-сары” серіктестігінде комбайншымын. Жұмысым өзі­ме ұнайды. Өнімділігі жоғары “John Deere” комбайнымен бидай орамын. Биыл астықтың шығымдылығы жоғары. Гекта­ры­нан орта есеппен 20 цент­нер­ден өнім жинаудамыз. Жал­пы бір комбайншы орақ науқаны кезінде орта есеппен 1500-2500 тонна астық орады. Маңдай те­рі­міздің мерейін жалақы алғанда сезінеміз. Істеймін деген адамға ауыл шаруашы­лығы саласында жұмыс көп, – дейді Руслан Акмурзинов.

Комбайншының өз жұмысын жақсы меңгергені ісінен көрініп тұр. Техниканың тетіктерін жыл­дам басып, басқалар қасына жақындауға жүрексінетін гү­ріл­деген алып машинаны­ның биік кабинасынан ай­нала­сына жы­мия қарады да,  тағы да дала төсін дүбірлетуге кірісті.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp