Облыс прокуратурасы мемлекеттік кірістер органдарының қызметін талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Мәселен, Петропавл қаласы мен Есіл, Мағжан Жұмабаев, Шал ақын, Қызылжар аудандарына қарасты құрылымның лауазымды тұлғалары Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын өрескел бұза отарып, бизнес субъектілеріне салықтық тексерулер жүргізген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған салық органдарының басшылары тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта айыппұлдар толық төленді, салықтық тексерулер заңсыз деп танылып, шешімнің күші жойылды.
Жыл басынан бері облыстық прокуратура мамандары 270 кәсіпкердің құқығын қорғады. Бизнес субъектілеріне құқықтары бұзылған жағдайда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (байланыс телефоны +7-771-362-08-99) арқылы облыстық прокуратура қызметкерімен тікелей байланысуға болады.
Аида БАБАСОВА,
облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы.