Полицейлер төрт күн бойы облыс аумағында “Мас жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Бұл шараға республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда, елді мекендерде 140-тан астам автопатруль жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда ауыл арасындағы жол бойында шлемсіз мотоциклшіні тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында 41 жастағы ер адамның көлікті жүргізуші куәлігінсіз тізгіндегені анықталды. Құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жалпы осы күндері облыс жолдарында мас күйінде көлік басқарудың 18 фактісі анықталды.
Қаңтар айынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 21 адам зардап шеккен. Облыста жол ережесіне қатысты 1166 түрлі заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақбаудың 206 жағдайы, рөлде телефонмен сөйлесудің 90 фактісі тіркелген.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.