«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Хореографиялық қойылым

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” атты хореографиялық қойылым көрсетілді.

Шарада филармонияның “Туған жер” ансамблінің бишілері өз өнерлерін көрсетті. Бұл қойылымның ерекшелігі – өнерпаздар оқиғаны, кейіпкерлердің ішкі сезімдерін би арқылы жеткізді. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” пластикалық спектаклінің режиссерлері – Самат Жұмажанов пен Максим Тонков. Қос ғашықтың сезімін, қойылымның сюжетін, кейіпкерлердің арпалысын қимылмен көрерменге ұғындыруға тырысқан өнерпаздар сахнада барын салды.

– Мұндай хореографиялық бағыттағы қойылымдарды көрермен қызыға тамашалайды. Жуырда филармония өзінің 60-шы маусымын ашты.  Алдағы көктемге дейін көрерменді қуанту үшін түрлі шығармашылық кештер, ән шерулерін өткізуді көздеп отырмыз. Жаңа туындыларды жарыққа шығару да жоспарлануда, – дейді Ақан сері атындағы облыстық филармонияның директоры Ботагөз Ақмағамбетова.

Ермек ЖҰМА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp