«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді, онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының халыққа арнаған “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды.

“Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында кәсіпкер­лік­тің дамуы мен оны ­қолдау ша­раларына ерекше назар аудар­ды. АӨК-тің тұрақты дамуы – біздің азық-түлік қауіпсіздігіміз­дің кепілі, сондықтан Үкімет 1 млн.-нан астам азаматымыз жұ­мыспен қамтылған ауыл шаруа­шылығын қолдау шараларын жалғастыра береді”, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Айдарбек Сапаров және Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қа­зақстан, Жамбыл облыстары­ның әкімдері АӨК-ті мемлекет­тік қолдау шараларын іске асы­ру туралы баяндады.

Президент тапсырмасы бо­йын­ша биыл Үкімет көктемгі егіс және астық жинау науқанын оң­тайлы жүргізу үшін қажетті жағ­дайдың барлығын жасады. Са­ланы жеңілдікпен қаржыланды­ру көлемі бірінші рет 3 еседен астам ұлғайтылып, рекордтық көр­сеткішке, яғни, 580 млрд. тең­геге жеткізілді. Бұл қаражат егін­шілерді тікелей несиелендіруге, пайыздық мөлшерлемені тө­мен­детуге және форвардтық са­тып алуға жұмсалды. Сыйақы мөлшерлемесін төмендету Бәй­терек холдингі коммерциялық қаражатты тарту сатысында жүр­гізілді. Келесі жылы қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру кезінде осындай тетік іске қосы­лады. Жалпы агробизнеске мемлекет тарапынан тұқым ма­те­риалы мен тыңайтқыш сатып алудан бастап, экспорттық қол­дауға дейінгі барлық кезеңде жан-жақты көмек көрсетіледі.

Президент тікелей субси­дия­лаудан қолжетімді несие бе­руге көшу арқылы АӨК субъек­тілерін қаржыландыру көлемін ұл­ғайту міндетін қойды. 2025 жылдан бастап шаруалар қар­жы институттарынан тікелей ар­зандатылған несие ала алады. Субсидиялау мәселелері толы­ғымен Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігіне жүктеледі. Осылай­ша шаруа субсидия ресімдеу бойынша артық әуре-сарсаңнан құтылады.

Биыл жеңілдетілген несие­леудің рекордтық көлеміне қол жеткізілді. Келесі жылдан бас­тап саланы қаржыландыру кө­ле­мін арттырып, 700 млрд. тең­геге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы желтоқсан айында шаруаларға келесі жыл­дың алғашқы қаржысы түсуі тиіс екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы техни­касын сатып алуды жеңілдікпен қаржыландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Үкі­мет биылғы бөлінген қаражат кө­лемін едәуір ұлғайтты, бұл 2 мыңнан астам ауыл шаруашы­лығы тауарын өндірушілерге қол­да бар паркті жаңартуға мүм­кіндік берді. Ел шаруалары 19,5 мың ауыл шаруашылығы техни­касын сатып алды, жаңарту дең­гейі 5 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 5,5 пайызға, келесі жылы 6,5 пайызға дейін жеткізу жоспарла­нуда. Сонымен қатар отандық нарықтың қажеттіліктерін еске­ре отырып, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын қазақ­стандық кәсіпорындардың қуа­тын арттыру тапсырылды.

Биылғы наурыз айында елі­мізде отандық тыңайтқыштарды сатып алу үшін аванстық субси­диялау тетігі енгізілді. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын мемлекеттік қолдаудың ар­қа­сында биыл топыраққа 1,2 млн. тонна тыңайтқыш енгізілді, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге артық. Мемлекет басшы­сының ауыл шаруашылығы жер­лерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, әкімдіктер 2025 жылы тыңайтқыш енгізу көлемін 1,9 млн. тон­наға дейін арттыруы қажет.

Отандық тұқым шаруашы­лығын дамыту мәселесін қарас­тыру кезінде өсімдік шаруашы­лығында, әсіресе көкөніс, жеміс және бақша дақылдарына қа­тыс­ты импорттық тұқым мате­риал­дарын пайдалануды қыс­қартудың маңыздылығы атап өтілді. Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігіне селекция және тұ­қым шаруашылығы жүйесін са­па­лы дамыта отырып, осы мә­селемен айналысу тапсырыл­ды. Сондай-ақ отандық тұқым өндірушілердің пайдасына суб­си­диялау тетігін қайта қарау қа­жеттігі көрсетілген.

Жиынға қатысушылардың на­зары өнімді қайта өңдеу және экспорттау арқылы өткізуге ау­да­рылды. АШМ деректері бо­йын­ша биылғы астық өнімі кем дегенде 20 млн. тоннаға жетеді деп күтілуде. “Атамекен” пала­тасы мен Сауда және интегра­ция министрлігіне дәстүрлі өнім­дермен шектелмей, Орталық Азия, Қытай, Ауғанстан және Иран сияқты ауыл шаруашы­лығы өнімдерінің басым экспорт­тық нарығын кеңейту, со­нымен қатар ЕО елдері, Сол­түстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және т. б. жаңа бағыттарды пысықтау тапсырылды.

Премьер-министр еліміздің азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуінің маңызды­лы­ғын атап өтті. Ауыл шаруа­шы­лығы саласын жан-жақты қол­дау және оған қолайлы жағдай жасау бағытында қажетті шаралардың барлығын қабыл­дап жатқанын атап өтті. Соны­мен қатар бизнес те ашық әрі адал жұмыс істеуі тиіс. Мем­лекеттен бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу үшін 2025 жылы елімізде ау­қымды ауыл шаруашылығы са­нағы жүргізіледі. Ол жер және егіс алқабы, мал басы, ауыл ша­руашылығы техникасы мен инф­рақұрылым бойынша деректер­ді өзектендіруге мүмкіндік бе­реді.

“Президент Қасым-Жомарт То­қаевтың Жолдауында ауыл ша­руашылығын дамыту, өнім­ділікті арттыру және ауыл тұр­ғындарын жыл бойы жұмыс­пен қамту, саланы тиімді әрі ашық қаржыландыру бойынша нақ­ты міндеттер қойылды. Аталған жұ­мыс мемлекет пен биз­нестің бір­лескен тығыз қарым-қатынасы шеңберінде іске асырылуы тиіс. Тек сонда ғана біз жоғары нә­тижеге қол жеткізе­міз”, – деп атап өтті Олжас Бек­тенов.

Талқылау барысында отан­дық агрокәсіпкерлер саланы одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты, сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

“Биыл АӨК саласын қар­жыландыруды ұлғайту бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар­ды атап өткім келеді. Фермер­лер бұл қолдауды сезінді. Же­ңілдігі бар несиелер бізге жеткі­лікті қаражат есебінде емес, қа­жетінше жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Сапалы тұқымдар, ЖЖМ, тыңайтқыштар уақтылы сатып алынды. Барлық агротехноло­гияларды дұрыс қолдана оты­рып және мемлекеттің осындай қолдауын көре отырып, біз на­шар өнім алуға құқығымыз жоқ. Мұнда мал шаруашылығы ту­ралы айтуымыз керек: иә ол көп еңбекті қажет ететін процесс, бі­рақ мал шаруашылығында адам­дар жыл бойы жұмыс іс­тейді. Жалпы шаруашылықтар көп салалы болуы керек, тек өсімдік шаруашылығымен айна­лыспай, сонымен бірге мал ба­сын көбейту қажет. Сонда бізге экспортқа квота қажет емес, ер­кін сауда жасаймыз, нарықтар­ды жаулап алатын боламыз. Бү­гінгі кездесуге қатысушылардың көпшілігі мал ұстамайды. Әріп­тестер, біз оған қатысуға тиіспіз, барлығыңызды осы іске шақы­ра­мын”, – деді фермерлік қо­ғамдастық атынан сөйлеген АӨК дамыту мәселелері жө­ніндегі қоғамдық кеңестің төра­ғасы, “Зенченко және К” компания­сының құрылтайшысы Генна­дий Зенченко. Сонымен бірге кәсіпкер тұқым шаруашылығы және ветеринария саласындағы отандық ғылымды дамыту мә­селелерін көтеріп, сала үшін кәсіби кадрларды даярлаудың ма­ңыздылығын атап өтті.

Бірқатар өңірлердің аграршылары бейнеконференц­байланыс режімінде ұсыныста­рын жеткізді. “Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылы­ғы­ның” бас директоры Фарид Аби­таев (ШҚО), “Жетісу” ауыл ша­руашылығы өндірістік коопера­тивінің басшысы Жанат Исағұ­лов (Алматы облысы), “Тұлпар LTD” ЖШС директоры Валерий Голоухов (БҚО) минералды тыңайтқыш­тарды пайдалану, ауыл шаруа­шылығы өнімдеріне баға белгі­леу, сондай-ақ тауарлы-сүт фер­маларын салу бағдарламасы шеңберінде жеңілдікпен кре­диттеу тетіктеріне қатысты мә­селелерді көтерді.

“Атамекен” ҰКП төралқа­сы­ның төрағасы Райымбек Бата­лов бірқатар өзекті мәселелерді айтты, оның ішінде АӨК сала­сындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың маңы­зын атап өтті.

Сонымен қатар қазіргі күн тәртібіндегі мәселе – егін жинау науқанының барысы қаралды. Премьер-министр жаңа егінді сақтау және нанның сапасын жақ­сарту мәселесі маңызды еке­нін атап өтті. Республикада ас­тықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 30 млн. тоннаны құрай­ды. АШМ мәліметіне сәйкес, көр­сетілген қуат көлемі өткен жылдардың ауыспалы өнім қалдық­та­рын ескере отырып, жоспарланған егін үшін жеткілікті. Ас­тық қабылдау кәсіпорындарына 2,5 млн. тонна астық, оның ішін­де 1,8 млн. тонна бидай түсті. Жаңа өнімді қабылдауға элева­торларды босату үшін астықты ауыстырып тиеу және сату бойынша жұмыс жүргізілуде. Мә­селен, биылғы тамыз айында және қыркүйектің 15 күнінде Азық-түлік корпорациясы мен ҚТЖ 1,2 млн. тонна астықты та­сымалдады, оның 1 млн. тоннасы экспортқа жіберілді. Астық­тың бір бөлігі Өзбекстан мен Қы­тайға экспортталады, қалған кө­лемі ішкі қажеттіліктерге бағытталады. Қыркүйек айында ҚТЖ-ның жаңа астық дақылын тасы­малдауды қамтамасыз ету жос­пары 1,9 млн. тоннаға дейін ұлғайды, 20 күн ішінде 500 мың тоннадан астамы жөнелтілді, оның ішінде – 400 мың тоннадан астамы экспортқа шығарылды. Қазақстандық астықтың дәстүрлі өткізу нарығы – Иранға жөнел­ту жанданғаны байқалады.

Ауыл шаруашылығы жұмыс­тарын сапалы жүргізу үшін биыл фермерлер жеңілдетілген отын мен тыңайтқыштардың жеткі­лік­ті көлемімен қамтамасыз етілді. Өңірлерге 226,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны не­месе жоспардың 64 пайызы жө­нелтілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Энергетика ми­нистрлігі дәнді және майлы дақылдарды кептіруге қосымша 67,7 мың тонна дизель отынын бөлді.

Кездесу қорытындысы бо­йынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға елдегі егін жинау науқанының сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді, сон­дай-ақ бизнестің барлық ұсыныстары мен тілектерін пысықтауды тапсырды.

Қазақстан Республикасы

 Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp