«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Абайдың сөзі – білімнің көзі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар Абай орта мектебін­де қазақ тілі мен әдебиеті пәнде­рінің мұғалімдеріне арналған “Мәңгілік елдің ұлы – Абай” атты облыстық семинар өтті. Семинарға өңір аудандары мен Петропавл қаласының жоғары білікті педагогтары қатысты. 

Жиын барысында Абай Құнан­байұлының мұрасын ұлттық руха­ният пен білім беру жүйесінің ма­ңызды мәселесі ретінде көтеріп, оны жүзеге асырудың тетіктері қа­растырылды. Мектеп директоры Алмагүл Ермағамбетова білім ордасының  тарихына шолу жасап, семинардың маңыздылығы мен мақ­сатын атап өтті. Ал мектебі­міз­дің жас маманы Марина Мели­хова қонақтарға экскурсия жүргізіп, білім ошағының материалдық ба­засымен таныстырды. Жаңа білім беру әдістемелеріне негіз­делген тәжірибелік жобаларды көрсетті.

Мәңгілік елдің болашағы – са­на­лы ұрпақ. Ал оларды тәрбиелеу – білімді, шығармашыл педагог­тардың қолында. Семинар бары­сында 5 және 10 сыныптарда ашық сабақтар ұйымдастырылды. Бұл сабақтарды мектебіміздің тәжіри­белі, сарапшы санаты бар педагогы Перизат Молдағожина мен  жас маман Раушан Сәденова өткізді. Олардың инновациялық әдістерді пайдалану деңгейі қаты­сушылар тарапынан жоғары баға­ланды. Ұстаздардың сабақта жаңа техно­логиялар мен білім бе­ру әдіс-тә­сілдерін қолдануы оқу­шы­­лар­дың белсенділігін артты­рып, олар­дың шығармашылық қа­бі­леттерін да­мытуға ерекше ықпал етті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнде­рінің мұғалімі Ғалым Нұрғожин ұйымдастырған “Адамның мінезін өзгертуге бола ма?” атты шеберлік сағатының да  шәкірттерге берген тағылымы мол болды. Бұл шарада Абайдың адамгершілік, мінез-құ­лық туралы ойлары негізінде, тұл­ғаның дамуы мен тәрбиесіне қа­тысты көптеген мәселелер қоз­ғалды. Қатысушылар жақтаушы мен даттаушы болып екіге бөлініп, өзара пікір алмасып, оқушылардың бойына өмірлік маңызды құнды­лықтарды қалай сіңіру қажеттігін талқылады. Мұғалімдер Абай ата­мыздың шығармашылық мұрасы мен философиялық ойларының  маңызын жоймағанына тағы бір мәрте көз жеткізді. Ұлы Абайдың терең ойлары мен өмірлік қағида­лары заманауи білім беру жүйесіне бағыт-бағдар беріп, педагогтарға үлкен шабыт сыйлады. Семинар соңында білікті маман Баянды Жү­кенова оқушылармен танымдық іс-шараларда, сабақта қолдануға болатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.  Қатысушылар өзара тәжірибе ал­масып, пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара поэзия сағатына  ұлас­ты. Мектеп оқушылары Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жатқа оқып, күй тартты.  Семинар өте же­місті өтіп, қатысушылардың білім беру жүйесіндегі жаңа әдіс-тәсіл­дерге деген қызығушылығын оят­ты. Бұл бастама болашақта да жал­ғасын таппақ.

Раушан СӘДЕНОВА,

Қызылжар Абай орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің  мұғалімі.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp