«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Мен алдармын, алдармын…”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен “Алдар көсе” музыкалық ертегісі қойылды.

Кеш барысында “Әдемі-ау” қазақ би ансамблі өнер көрсетті. Дәстүрлі әнші Ғалымжан Нұрпейісов “Саған, халқым-ай” әнін орындады.

– Біз бұл ертегіні көрермен назарына осыдан бірнеше жыл бұрын ұсынған едік.  Ол кезде кемшін тұстары аз болмады.  Осы жолы өңдеп, жаңаша бағытта қоюды жөн көрдік. Негізгі идея тек ертегіні ғана емес, көпшілікке қазақ әндерін де таныстыру. Алдар көсенің жағымсыз жағын емес, халыққа қандай пайдасы тигенін көрсетіп, жас ұрпақты тәрбиелеу,  – дейді Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Қайырлы Ғафуров.

Жиналғандар ертегіні  жылы қабылдады. Қатысушылар Алдар көсенің типтік образы арқылы қоғамдағы ащы шындықты, адамдардың теріс мінездерін көрсеткісі келген.

Ермек Жұма,

“Soltüstik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp