«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тариф тұтынуға қарай бекітіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қыз­­метінде ұйымдасты­рыл­ған брифингтің тақырыбы “Таби­ғи монополиялар саласын­дағы заң­нама жаңалықтары” деп атал­ды. Табиғи монополияларды рет­теу комитетінің облыс бойынша департаменті заңнама­ның сақта­луын бақылау және талап арыз жұ­мысы бөлімінің басшысы Вя­чеслав Лукинов бұ­қаралық ақпа­рат құралдары өкілдеріне заңна­ма талаптарын түсіндіріп берді.

Табиғи монополиялар тура­лы заңнаманы жетілдіру мақса­тында биылғы жылдың екінші жартыжылдығында “Табиғи мо­нополиялар туралы” Заңға жылу энергетикасы, электр энергети­ка­сы және реттелетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

– Заңда электр энергиясы құ­нының өзгеруіне байланысты ТМС тарифін уақытылы өзгерту мақсатында жылу энергиясын беру және бөлу саласы үшін электр энергиясын стратегиялық тауармен айқындау, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сарап­тама жүргізу сияқты өзгеріс­тер бар, – дейді маман.

Бұдан бөлек, заңда мемле­кет­тік қала құрылысы кадастры­ның автоматтандырылған ақпа­раттық жүйесінде ақпаратты ор­наластыру арқылы тұтынушы­лар­дың реттеліп көрсетілетін қыз­метке қол жеткізуін қамта­масыз ету көзделген. Сонымен қатар тө­тенше жағдайлардың немесе апаттардың алдын алу үшін шұ­ғыл жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген та­рифтік сметада шығындар бап­тарын өз бетінше қайта бөлу құ­қығын беру, өңірдегі экономи­ка­лық қызмет түрлеріне байланыс­ты қызметкерлердің орташа ай­лық жалақысының өзгеруі негі­зінде бекітілген тарифті қайта қа­рау мерзімдерін қысқарту сынды жаңашылдықтар енгізілген.

– Бүгінгі күні жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында электрмен жаб­дық­тау, сумен жабдықтау және жы­лу­мен жабдықтау салалары бойынша тұтынудың әлеуметтік нормалары бекітілді. Жеке тұл­ға­лардың тұтынуы үшін ресурс­тардың объективті қажетті көле­мі ескерілетін болады. Бекітілген нормалардан артық тұтынылған жағдайда тарифтер мен бағалар қайта қаралады. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде халық­тың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қорғау мәселелері қай­та пысықталмақ, – деді Вя­чес­лав Лукинов.

Сумен жабдықтау саласында 3, 5 және 10 текше метрге дейінгі лимит орнату көзделеді. Бұл шек­тен асқан кезде тұтынушы суды пайдаланғаны үшін жоғары баға төлеуге міндеттеледі. Бір тұр­ғын­ға үш текше метрге дейін та­риф белгіленеді, 5 текше метр­ден асқан жағдайда басқа тариф белгіленеді, бірақ бұл ретте ал­ғашқы 3 текше метр тариф дең­гейі сақталады. Осыған ұқсас қа­ғидаттар жылумен жабдықтауға қатысты да қолданылатын бола­ды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp