Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:00-де Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының “Бірыңғай есеп беру күні” өтеді. Шараға облыс кәсіпкерлері шақырылады.
Бірыңғай есеп беру күні мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы жаңашылдықтарды, заң талаптарын түсіндіруді көздейді. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша сындарлы шешімдер қабылдау, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметі реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері заңнамасының міндетті талаптарын талқылау жоспарланған.
Бірыңғай есеп күні мына мекенжайда өткізіледі: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1 қабат (үлкен зал). Облыс аудандарының кәсіпкерлері бейнебайланыс арқылы қатыса алады.
Іс-шараға қатысу туралы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-04-02, 36-13-62.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы.