«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбек адамының орны – төр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда еңбек күні 2013 жылдан бастап қыркүйек айы­ның соңғы жексенбісінде кеңінен аталып өтіледі. Ондағы мақсат­- жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы шеңберінде еңбек өнімділігіне ынталандыру, жас буынды масылдық пиғылдан арылту, еңбек адамдарына ла­йықты құрмет көрсету, отбасы­лық әулеттердің көпжылдық дәс­түрлерін, ұрпақтар арасындағы жарасымды сабақтастықты, ру­хани құндылықтарды насихат­тау, қарапайым жұмысшы ма­мандығының мәртебесін көтеру. Президент “Бұл – мемлеке­ті­міздің тұрақты дамуына жасам­паз ісімен үлес қосып келе жат­қан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке. Олар туған елдің жар­қын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншыл­дық­тың озық үлгісін көрсетіп жүр. Мен Әділетті Қазақстанды ең­бекқор, адал азаматтар ғана құ­ра алатынына кәміл сенемін”, – деген болатын.

“Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қо­ғамдық оптимизм” Жолдауында 2025 жыл Жұмысшы мамандық­тары жылы деп жарияланып, жұ­мысшы мамандықтарын дәріп­теу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау міндеті қойылды. Адал әрі табанды еңбегімен та­бысқа жеткен адамдар қашан да құрметті, сыйлы келетіні ерекше атап көрсетілді. Бұл ұстаным “Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс” қағидатына толық сай келері күмәнсіз. Кез келген елдің басты байлығы – адам, оның қоғамдағы орны мен ұлт байлығын еселей түсуге қосатын жеке үлесі, мұны мем­лекет өр­кен­деуінің басты фак­торлары­ның бірі десек, қате­леспейміз. Өз кә­сібін жетік меңгерген ма­мандар ғана ұлт сапасын артты­рады, қоғамнан лайықты баға­сын ала­ды. 2016 жылдан бастап елімізде жыл сайын еңбек күніне және еңбек адамын марапат­тау­ға ар­налған “Еңбек жолы” рес­публи­калық конкурсын өткізу дәс­түрі орныққан. Биыл Премьер-ми­нистрдің орынбасары Тамара Дүй­сенованың қатысуымен өт­кен жиында еңбек күнін мереке­леудің кешенді іс-шаралар жос­пары бекітілді. Облыс және ау­дан орталықтарында ұйым­дас­ты­рылған бос жұмыс орын­да­ры жәр­меңкесіне 233 кәсіп­орын қа­ты­сып, 2600-ге жуық қыз­мет түрі ұсынылды. Ашық есік күн­­дері кез­дерінде 56 адамға ең­бек заңда­ры мен нормалары­на қа­тысты ке­ңестер берілді. Түрлі байқаулар аясында, сондай-ақ “Менің же­тіс­тігім – менің нәти­жем” тақыры­бы бойынша үздік еңбек тәлім­ге­рі, үздік жас жұ­мысшы конкурста­ры, спорттық турнирлер, сынып сағаттары, дә­рістер өтті, сюжет­тер, роликтер көр­сетілді, ақпа­раттық мате­риал­дар ұсынылды. Қайырым­дылық акциясы шеңбе­рінде ең­бек ардагерлері мен зей­нет­кер­лердің аулаларын таза­лау­ға, бақ­шалық өнімдерін жи­науға атса­лы­сылды. “Радуга” ЖШС-да “Адал азамат – адал ең­бек” ті­ке­лей телемара­фо­ны бастау алды.   

Еңбек кодексінде еңбек ада­мының мәртебесін көтермелеу­ге, еңбек заңдылықтарының қа­таң сақталуына айрықша көңіл бөлінген. Әркім­нің еңбекті еркін таңдауға не­месе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және мәж­бүрлеу­сіз еркін келісуге, кәсіп жә­не қыз­мет түрін таңдауға құқығы бар. Облыстық еңбек инспек­циясы департаменті еңбек заңнама­сының, оның ішінде еңбек қауіп­сіздігі және еңбекті қорғау жө­ніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыра отырып, өндірістік жара­қаттану себептеріне талдау жүр­гізеді, оның профилактикасы жө­нінде ұсыныстар әзірлейді, ұжым­дық шарттардың орын­да­луын қадағалайды, көзделген тәр­тіп пен келісімдердің орын­далуын талап етіп, еңбек құқық­тарының қорғалуын реттеп оты­ра­ды. Жыл басынан бері 216 кә­сіпорын мен ұйымның қызметі тексеріліп,  еңбек заңдылықтары бойынша – 105, еңбек қауіпсіз­дігін сақтау қатынасында 45 заң­бұзушылық анықталды. 72 заң­ды тұлға әкімшілік жауапкер­ші­лікке тартылып, оларға 13,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салын­ды. 251 жұмысшыға бе­решек 63,2 млн. теңге жалақы қайта­рыл­ды. Осы уақыт ішінде 18 өн­ді­рістік жарақат алу оқиға­сы тір­келіп, 2 адам қайтыс бол­ды.

 Азат КӨШЕРБАЕВ,

облыстық еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp