Петропавлда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы 26 қыркүйек күні “Жас өркен” шағынауданында орын алған. Зардап шеккен жеткіншек облыстық көпбейінді балалар ауруханасында емделуде, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.
Жасөспірім есін біледі, өздігінен дем алып жатыр, бірақ жарақаты ауыр. Оның жамбас сүйегі бірнеше жерінен сынған.
Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.