С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай Павлодар қаласында ұйымдастырылған “Ертіс-Баян” республикалық театрлар фестивалінде өнер көрсетті. Аталмыш фестивальде театр әртісі Ислам Жақсылық “Ең үздік ер адам бейнесі” аталымын жеңіп алды.
Жерлестеріміз фестивальде “Шинель” спектаклін сахналады. Қойылымның режиссері – Баатр Колаев. Актер Ислам Жақсылық Акакий Акакиевичтің рөлін сомдап, үздіктердің қатарынан көрінді.
– Бізді Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры құшақ жая қарсы алды. Актерлеріміз А.Чехов атындағы облыстық драма театрында өнер көрсетті. Қала тұрғындары жерлестерімізге қолдау білдірді. Өнер сыншылары тарапынан да жоғары баға алдық. Бұл – ұжымның ортақ еңбегі, – дейді Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының бөлім меңгерушісі Тәттігүл Жәлелова.
Ермек ЖҰМА,
“Soltüstik Qazaqstan”.