«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күре жолдарға күрделі жөндеу қажет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде республикалық ма­ңы­зы бар жолдардың 131 ша­қырымына күрделі жөндеу қа­жет. Бұл биыл жол желісіне жүргізілген ауқымды диагнос­тика барысында анықталды.

“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” республи­ка­лық мемлекеттік кәсіпорны об­лыстық филиалы баспасөз қыз­метінің мәліметінше, облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 1,4 мың кило­метрі диагностикалық тексе­рістен өткен. Жоспарлы жұмыс барысында кепілді мерзімі бітпеген учаскелер де тексерілді.

“Диагностика жүргізуге жылжымалы жол зертханасы қолданылды. Бұл нысан зама­науи арнайы қондырғылармен жарақтандырылған. Әр тексе­ріс алдында техника калибр­леуден өтеді.

Диагностика барысында ма­мандар жолдың геометриялық параметрлерін, серпінділік көр­сет­кішін, еңістерді және жабын­ның басқа да ақауларын есепке алады. Сондай-ақ IRI халық­ара­­лық индексі бойынша жол те­гіс­тігі және көлік қозғалысының қар­қындылығы тіркеледі. Бар­лық деректер бойынша GPS коорди­нат­тар беріледі, бұл ақаулар мен жөндеуді қажет ете­тін жер­лердің орнын дәл анық­тауға мүмкіндік береді”, – дейді меке­ме­нің мемлекеттік есепке алу ин­женері Еркен Әбілмәжі­нов.

Маманның айтуынша, диа­г­ностика қорытындысы шыға­рылып, жөндеу жұмысының түр­ле­рі мен көлемі бойынша ұсы­ным­дары бар егжей-тегжейлі есеп­тер қалыптастырылады. Кейін ол Индустрия және инф­рақұры­лымдық даму министр­лігінің Ав­томобиль жолдары ко­митетіне жіберіледі. Олардың негізінде “ҚазАвтоЖол” ұлттық компа­ниясы” акционерлік қоға­мы жол желісін жөндеу бойын­ша жос­пар әзірлейді.

“Биыл 197,69 шақырым ке­піл­дегі учаске және 1236 ша­қырым жол зерттелді. Нәтиже­сін­де біздің филиал республи­ка­­лық жолдың 199,1 шақыры­мына орташа жөндеу және 131,2 ша­қы­рымға күрделі жөн­деу жүргі­зуді ұсынды. Мұндай диагнос­тика маңызды, бұл рес­публика­лық жол желісінің сапа­сын арт­тырып, қозғалыс қауіп­сіздігін қам­тамасыз ету үшін қажет”, – дейді Еркен Әбілмәжінов.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp