«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғылыми байланыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

19-20 қыркүйек күндері Қы­тайдың Шэньси провинция­сы­ның Ян лин қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері ауыл шаруашылығы универ­ситеттері ректорларының  фо­ру­мы өтті.

Форум жұмысы ауыл ша­руашылығы ғылымының кешен­ді дамуына және ШЫҰ елде­ріндегі ғылыми-техникалық про­греске бірлесіп жәр­демдесуге бағытталған. Ау­қымды шараға цифрландыру жағдайында аграрлық білім бе­рудің жаңа сын-қатерлері мен перспекти­ва­ларын талқылау үшін 9 елдің 30 университеті мен ғылыми институттарының 80-нен астам өкілі жиналды.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ де­легациясын инновациялар жә­не интернационалдандыру мә­селелері жөніндегі басқарма мү­шесі Айгүл Нұрпейісова мен аг­ротехнологиялық факультет де­каны Алтын Шаяхметова бас­тап барды.

Форум аясында Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғы­лымы және білім беру орта­лығының ашылу салтанаты өтті.

Биыл С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехни­ка­лық зерттеу университеті, М.Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университеті, Шәкә­рім университеті және Қытайдың Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруа­шылығы универ­ситеті арасын­да Қазақстан-Қытай ауыл ша­руашылығы ғы­лымы және білім беру орталы­ғын бірлесіп құру туралы келі­сімге қол қойылған болатын. Бұл келісім универси­тет­тердің ғылыми байланыста­рын нығай­ту мен кеңейтудің не­гізі  сана­лады.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ Қытайдың жоғары оқу орында­ры­мен жеті жылдан астам уа­қыттан бері ынтымақтастықта жұ­мыс істеп келеді. Оның ая­сында ғылыми жобалар мен ма­гистратураның қос дипломды бағдарламалары іске асырылу­да. Қытайлық ғалымдар Қы­зыл­жар өңірінің ауыл шаруашылы­ғы саласындағы жеткен жетіс­тіктеріне оң бағаларын берді.

Ермек ЖҰМА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp