«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарттарға қамқорлық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 5 мыңнан ас­там жалғызілікті зейнет­кер тұрады. Оның басым бөлігі – көмекке мұқтаж. Қарттар айлығында тұр­мыс жағдайы нашар, мүге­дектігі бар егде жастағы адамдар ерекше назарға алынбақ.

Облыстық ардагерлер кеңе­сінің мәліметінше,  өңірде тұрып жатқан 102 456 зейнеткер­дің 44 мыңға жуығы Петропавл қа­ласының тұрғыны. 556 баста­уыш ардагерлер ұйымы жұмыс іс­тейді, сондай-ақ 14 өңірлік ар­дагерлер кеңесі бар.

Мерекеге орай биыл облыс­тық денсаулық сақтау бас­қар­масы ашық есік күнін өткі­зуді жос­парлап отыр. Ашық есік кү­нінде қарттардың денсаулық­та­рын тексеруге, медициналық кө­мек алуға жағдай жасалынбақ. Қа­жет болған жағдайда, медици­на­лық мамандар аға буын өкіл­дерінің үйлеріне арнайы барып, қызмет көрсетеді.

“Биыл облыс бойынша кө­мекке мұқтаж 96 қарттың бар екенін анықтадық. Оларға бір рет­тік көмек көрсетумен шектел­мейміз. Қайырымды жандардың қолдауының арқасында  қарттар өмір бойына қамқорлыққа алы­нады. Бұл қанатқақты жобаға қол ұшын созуға әзір жандар аз емес”, – дейді облыстық арда­гер­лер кеңесінің төрағасы Ес­кен­дір Елеусізов.

Мерекеге орай түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру да жоспарланып отыр. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан жарыс­тар  ұйымдастырылмақ.

“Қарттар – елдің қазынасы. Бұл күні жастар өздерінің егде тартқан ата-аналарын қуантып, құрмет көрсетсе, сый-сияпат үлестірсе артық болмайды.  Жасы ұлғайған жандар жылы сөз бен мейірімге мұқтаж болады.  Олар барда отбасында береке де, бірлік те бар. Сондықтан қазақ жастарына әке мен шешені аялаудың парыз екенін айтудан жалықпаймыз. Қарттарға қам­қорлық қанатты қағидаға айна­луы тиіс”, – дейді Петропавл қа­лалық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Жангелді Тәжин.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp