«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі қоғам дамуында және  азаматтардың жеке өмірінде  мемлекеттік қызмет саласы маңызды рөл атқарады. Облыстық әділет департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері  өз құзыреті шегінде өндіріп алушының өтініші бойынша  атқарушылық іс жүргізу, жеке сот орындаушысының лицензия алу, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді аттестациядан өткізу, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан  нотариустарының шығыс ресми құжаттарына апостиль қоюға өтініштер қабылдау сияқты  12 мемлекеттік қызметті “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы, “Электрондық үкімет порталы”, “АХАЖ ТП” АЖ, “Е-лицензиялау”, “Е-Апостиль” жүйелері арқылы ұсынады.

Бұл орайда азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ба­сымдық бере отырып, жан-жақ­ты құқықтық көмек және сапалы қызмет көрсету басты талап бо­лып қала береді. Қолданыс­тағы заңнамаға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу барысында, яғни мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандырудың арқасында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі әлдеқайда жеңіл­деді. Мәселен, Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлікте­рінің 2023 жылғы 27 мамырдағы бірлескен бұйрығына сәйкес, осы жылдың 30 маусымына де­йін барлық облыстарда тестілеу рәсімдерін техникалық қамтама­сыз ету жөніндегі оператор ба­засында адвокаттық, нотариат­тық, жеке сот орындаушылық қызметімен айналысатын мем­лекеттік қызметтер көрсету қа­нат­қақты жобасы іске қосылды. Бұл қызметтер электрондық фор­матқа ақпараттық жүйе арқылы электрондық өтініш пен құжат­тың қажетті тізбесін беру, аттес­таттау комиссиясының шешімін электрондық форматта алу жо­лымен жүргізіледі. Аттестаттау тестілеу операторының техни­ка­лық жарақтандырылған залда­рында екі кезеңде өткізіледі: бі­ріншісі – ел заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу, екіншісі – кандидаттар­дың практикалық дағдыларының тиісті деңгейін тексеру. Аттестат­тау комиссиясының оң шешімін алғаннан кейін көрсетілетін қыз­метті алушы адвокаттық, нота­риаттық, жеке сот орындаушы­лық қызметпен айналысу құқы­ғын иелену үшін Әділет министр­лігіне жүгінеді. Бұдан бөлек, 2021 жылғы қаңтардан бастап “Е-Апостиль” ақпараттық жүйесі арқылы әділет органдары мен өзге де мемлекеттік ұйымдар­дан, сондай-ақ Қазақстан Рес­публикасының нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апос­тиль қою мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі бірлескен жоба қанатқақты режімге көшті. Бұл оңтайлы тәсіл құжаттарды тіркеуге және апостиль мөртаба­нын электрондық түрде беруді, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебін және бірыңғай мұрағатын қам­тамасыз етеді. “Е-Апостильдің” басты артықшылығы сол, құжат­тарды беру уақыты қысқарды, ха­лықтың мемлекеттік қызметтер­ге қол жеткізуі жеңілдеді.

2024 жылы 6 сәуірде “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкіл­дік­те­рін есептік тіркеу туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның негізінде коммер­циялық емес заңды тұлғалар үшін құрылтай құжаттары элек­трондық түрде рәсімделеді. Мем­лекеттік тіркеу кезінде заңды тұлғаның мөрінің жойылғанын рас­тайтын шешім талап етіл­мей­ді. Жылжымайтын мүлікке құқық­тар нотариат куәландырған мә­мі­ле, мұрагерлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде құқық­тар­ды электрондық тіркеу арқылы белгіленген тәртіппен атқарыла­ды. “Нотариат туралы” Заңға тү­зетулер енгізіліп, жылжымайтын мүлік мәмілесін рәсімдеу оңай­ла­тылды. Енді жылжымайтын мүлік орналасқан елді мекенге бармай-ақ анықтаманы кез кел­ген нотариалдық кеңсе арқылы алуға болады.

Әділет органдарының негізгі функцияларының бірі – құқықтық түсіндіру жұмыстары. Бұл – өз кезегінде азаматтық қоғам құ­руға ықпал етеді, азаматтардың санасында жаңаша ойлау жүйе­сі, әлеуметтік құндылықтар қа­лыптасады. Бір сөзбен айтқан­да, халықтың құқықтық мәде­ние­тін арттыру маңызды өлшем бо­лып қала береді. Оның эконо­ми­калық, саяси және әлеуметтік мін­деттерді шешудегі рөлі ай­рық­ша. Әркім заңды құрметтей біл­се, оның ережелерін күнделікті өмірде іске асыру мүмкіндігі әл­деқайда артары сөзсіз.

Департамент ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы орналасқан, онда азаматтар мемлекеттік қызметтерді алуға өз өтініштерін электрондық фор­матта бере алады. Кедергісіз мем­лекеттік қызмет көрсету үшін мекеме аумағында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді шақыру түймелері мен пандус орнатылған. Әділет органдары­ның құзыретіне кіретін мәселе­лер бойынша кеңес беруге ар­нал­ған “жедел желі” жұмыс істей­ді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде түсіндіру іс-ша­ралары жүйелі түрде жүргізіледі.

Сот актілерін орындау әділет органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі саналады. Жыл басынан бері мемлекеттік және жеке сот орындаушыларға, нотариустарға, адвокаттарға жә­не департаменттің жекелеген қызметкерлерінің әрекетсіздік­те­рі­не қатысты 85 арыз түсті. Ша­ғымдар арасында ішінара дәлел тапқандары кемшіліктерден жедел түрде тиісті қорытынды шығару үшін мүдделі ұйымдарға жолданды. Талдау көрсеткен­дей, жұртшылық тарапынан али­мент өндіру, борышкерлерді іздестіру, шетелдерге шығуға тыйым салу, тәркіленген мүлікті сату, бірыңғай реестрден алу мә­селелері бойынша сын-пікірлер жиі айтылады.

Бүгінгі таңға дейін жеке тұл­ғалардан 1104, заңды тұлғалар­дан 229 өтініш түсіп, қаралды. 559 әкімшілік шешім қабылда­нып, 505 өтінішке жауап берілді. 39-ы бойынша іс тоқтатылды.

 Жалпыға бірдей ақпараттық-құқықтық қызметте түсіндірме жұмыстарының маңызы зор. Қа­рапайым жұртшылықтың нор­мативтік құқықтық актілер мен заң нормаларын білуге деген ұмтылысын қолдаудың жолдары аз емес. Соның бірі – қабылдау күндерін ұйымдастыру. Былтыр алты айда әртүрлі мәселелер­мен департаментке 21 адам жүгінсе, биылғы көрсеткіш саны – 44. Осы цифрлардан-ақ адам­дардың мемлекеттік органдарға деген сенімінің нығайғанын, бір жағынан, мемлекеттік қызмет­терге деген қолжетімділіктің арт­қанын аңғаруға болады. Де­партамент қызметкерлері халық­тың барлық топтары арасында құқықтық сауаттылық бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізе отырып, нақты заң көмегін көр­сетеді. Департамент басшылығы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен, мансап орталы­ғы­мен бірлесіп, борышкерлерді жұ­мысқа орналастыру үшін бос жұ­мыс орындары жәрмеңкесін ұйым­дастырды. Зияткерлік мен­шік құқықтары бөлімі құқық иесі­нің өтінішімен тексеру жүргізіп, контрафактілік өнімдерді сату фактісін анықтады. Сот шешімі бойынша 94 дана контрафактілік өнім тәркіленіп, құқық бұзушыға 199000 теңге көлемінде әкімші­лік айыппұл салынды.

Мемлекеттік құқықтық сая­сатты жүзеге асыруға, заңды­лық­ты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға зор үлестерін қосып, кәсіпқойлықтың, адалдықтың үлгісін көрсетіп келе жатқан әріптестерімді әділет органдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын, еңбекте табыс тілеймін.

 Айдос ТОҒЫЗБАЕВ,

облыстық әділет департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp